Хабарлама

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акционерлердің жылдық Жалпы жиналысына шақыру туралы

ХАБАРЛАМА «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Қоғам) (Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55 ғимарат, Астана Экспо аумағы, С1.4 павильоны) өз акционерлеріне 2019 жылғы 22 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55 ғимарат, Астана Экспо аумағы, С1.4. павильоны, Қоғам мәжіліс залында, Қоғам Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылатын акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Ұсынылатын күн тәртібі:

1. Қоғамның 2018 жылға арналған жылдық қаржылық есебін бекіту туралы.
2. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Акционерлердің Жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2019 жылдың 10 қазандағы жағдай бойынша жасалады.

Күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды акционерлер танысу үшін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55 ғимарат, Астана Экспо аумағы, С1.4 павильонында жиналыс өткізу күніне дейін 10 (он) күн бұрын ала алады, телефондар: +7 (7172) 799-920.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы қайтадан жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылы 23 қазанда сағат 11.00-де өтеді.

Күн тәртібі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.

Акционерлерді тіркеу 2019 жылы 22 қазанда сағат 09.00-ден 09.45-ке дейін жүргізіледі.

Өзімен бірге жеке куәлігі, дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхаты (сенімді тұлғаларға) болуы тиіс.

Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысы қатысу тәртібінде акционерлердің немесе олардың өкілдерінің, сондай-ақ Қоғам жұмыскерлерінің қатысуымен өтеді. Күн тәртібі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Акционерлер шешім қабылдағаннан кейін жиналыстың қорытындысы шығарылып, кейіннен Қоғамның веб-порталында жарияланады.

 
Хабарлама Хабарлама
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан