«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ

Кіріспе

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның 70-ші Бас Ассамблеясы барысында айтылған бастама аясында, "АСТАНА-ЭКСПО 2017" көрмесінің инфрақұрылымы мен мұрасы базасында ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (орталық) құрылды. Орталық Басшысы — Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев.

Орталық 2018 жылдың 17 мамырында "Global Challenges Summit 2018" АЭФ барысында әлемдік қауымдастыққа ұсынылды.

Миссия

  • Жасыл экономикаға көшудің қағидаттарының негізінде жаһандық тұрақты дамуға жәрдемдесу

Жасыл экономикаға өтудің ұлттық мақсаттары

  • Қалдықтарды меңгеру жүйесін құру
  • Орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту
  • Су ресурстарын тұрақты пайдалану
  • Жаңарылатын және баламалы энергия көздерін пайдалану
  • Қоршаған ортаға келеңсіз әсерді қысқарту
  • Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
  • Экожүйелерді үнемді және тиімді пайдалану