William I.Y. Byun (Вильям Бьюн)

Вильям Бьюн 2019 жылғы 22 қазанда «ХЖТИЖО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

Вильям Бьюн экономика бакалавры және қаржы экономикасы магистрі дәрежелерін алған. Құқықтану докторы ғылыми дәрежесін қорғаған.

Вильям Бьюн AES Corporation, RC Chemicals компанияларында басшы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Азияның дамушы елдеріндегі өнеркәсіптік саясат пен инфрақұрылымға бағдарланған Conchubar Group компаниясының басқарушы директоры болып қызмет істейді.

Вильям Б. Калифорния мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарған; Ресейдегі «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі Халықаралық комитетке мүшелік еткен.

Америка Құрама Штаттарының азаматы

William I.Y. Byun (Вильям Бьюн) William I.Y. Byun (Вильям Бьюн)
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан