Соловьева Айгуль Сагадибековна

Соловьева Айгүл Сағадибекқызы 2018 жылы «ХЖТИЖО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

А.С.Соловьеваның «Химия мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, химия ғылымының кандидаты болып табылады.

1975-1993 жылдар аралығында Айгүл Соловьева белсенді ғылыми қызмет жүргізіп, тотықты балқымалар зертханасының лаборанты, инженері, аға инженері қызметін атқарды. Ол сондай-ақ силикаттардың физикалық химиясы зертханасының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері, Докторлық кеңестің ғылыми хатшысы болып еңбек етті.

Тоғыз жыл бойы Айгүл Соловьева Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші және бесінші шақырылымдарында депутат қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды, БҰҰДБ консультанты болды.

Айгүл Соловьева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының Басқарма Төрағасы, сондай-ақ Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің, ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады.

Тұрмыста. Қазақстан Республикасының азаматы.

Соловьева Айгуль Сагадибековна Соловьева Айгуль Сагадибековна
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан