• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Биыл ХЖТИЖО КЕАҚ кәсіпорындарға - I санаттағы объектілерге арнап ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлейді

Биыл ХЖТИЖО КЕАҚ кәсіпорындарға - I санаттағы объектілерге арнап ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлейді

Биыл ХЖТИЖО КЕАҚ кәсіпорындарға - I санаттағы объектілерге арнап ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлейді. Бұл санатқа қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындар кіреді. Атап айтқанда, Орталық «Мұнай және газ өңдеу» ЕҚТ бойынша анықтамалығын әзірлеуге кірісті. Осыған байланысты құрамына өнеркәсіп, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, экологиялық бірлестіктер өкілдері, ғылыми және жобалау ұйымдары және басқалары кіретін техникалық жұмыс тобы құрылды.

ТЖТ ең озық қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, бекіту және өзектендіру жұмыстарын атқарады.

ТЖТ бірінші отырысының мақсаты «Мұнай және газ өңдеу» ЕҚТ бойынша анықтамалығын әзірлеу жөніндегі ТЖТ-ның барлық мүшелерін таныстыру болды. Орталық өкілдері ҚР-ның ЕҚТ қағидаттарына көшуін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын, білікті сарапшыларды тартуды қамтитын анықтамалықты әзірлеу бойынша жоспарланған жұмыс көлемін ұсынды.

Екінші отырыста анықтамалықты әзірлеу бойынша техникалық жұмыс тобының жаңартылған құрамы таныстырылды. ТЖТ жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қосымша мұнай өңдеу саласының субъектілері мен мемлекеттік органдар тартылды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес анықтамалықтың алдын ала жобасы ТЖТ талқылауына ұсынылды. Отырыс нәтижелері бойынша «Мұнай және газ өңдеу» ЕҚТ бойынша анықтамалығының жобасы хаттамамен бекітілді.

Биыл ХЖТИЖО КЕАҚ кәсіпорындарға - I санаттағы объектілерге арнап ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлейді Биыл ХЖТИЖО КЕАҚ кәсіпорындарға - I санаттағы объектілерге арнап ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлейді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан