• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімі

Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімі

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастырып жатыр.

Тізілімді құрудың негізгі мақсаты тиімді және экологиялық технологиялар мен инновациялар көмегімен жасыл экономикаға көшуге ықпал ету болып табылады. Тізілім «жасыл» жобаларды іске асыру кезінде шешім таңдау және қабылдауға жәрдемдеседі және жасыл технологиялар нарығының барлық қатысушыларын бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономиканың энергетикалық, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық және басқа да секторларындағы экологиялық проблемаларды шешу үшін елдің неғұрлым тұрақты дамуына ықпал етеді.

Тізілім энергия және ресурс тиімділігі стандарттарына сәйкес келетін, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға ықпал ететін технологиялар мен жабдықтарды өндірумен және/немесе жеткізумен айналысатын қазақстандық ұйымдар мен компаниялардың тізбесін білдіреді.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша, алынған және өңделген деректер негізінде қалыптастырылған тізілімді назарларыңызға ұсынамыз. Ақпаратты одан әрі жинау, сондай-ақ Қазақстанның жасыл технологиялар нарығының қазіргі заманғы үрдістері мен дамуын ескере отырып, тізілімді жүйелі түрде өзектендіру тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Сіздің ұйымыңызды Тізілімге енгізу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет.

Нысанға сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfisKjMJ_nQseZk6hIgY8tAthgXSbeHYj5jvg9XQDYoVrSGOA/viewform?usp=sf_link

Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімі Отандық жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімі
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан