• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Португалдық компания Қазақстанда жасыл технологияларды ілгерілетуге қызығушылық танытты

Португалдық компания Қазақстанда жасыл технологияларды ілгерілетуге қызығушылық танытты

img 20210722 164806

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы БасқармаТөрағасының м.а. Жанар Игенова португалиялық «MCA Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Орталықтың Қазақстандағы экологиялық жобаларды дамыту бойынша консультациялық қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін талқылады.

Осылайша, «MCA Group» Директорлар кеңесінің мүшесі Пауло Луис Матеус Апарисио компания жасыл технологиялар саласындағы бірқатар жобалармен инвестициялық серіктес ретінде республика нарығына шығуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.

«Күн энергетикасын енгізу, биогаз, биомасса және экологиялық таза сутегі өндірісі біздің басым бағыттарымыз болып табылады. Осыған байланысты біз Қазақстандағы осы бағыттардағы жұмыс перспективалары туралы консультациялық қызметтерге мүдделіміз», - деді «MCA Group» өкілі.

Өз кезегінде Жанар Игенова Орталықтың жұмысы туралы айта келе, ҚР жаңа Экологиялық кодексіне сәйкес ХЖТИЖО өнеркәсіптік кәсіпорындарға кешенді технологиялық аудит жүргізетінін атап өтті.

«Біз елдің төмен көміртекті даму саясаты тұрғысынан жобаларға баға береміз, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың жасыл технологиялар өндірушілерімен ынтымақтастығына жәрдемдесеміз. Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Орталық ҚР ЭГТРМ-мен тығыз ынтымақтастықта қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету және табиғи ресурстарды сақтау үшін мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру бойынша шараларды жүзеге асырады», - деді Ж.Игенова.

Тараптар Орталықтың консультациялық қызметтері португалдық компанияға Қазақстан Республикасында экологиялық таза өндірістерді енгізуге көмектесетіне сенім білдірді.

Португалдық компания Қазақстанда жасыл технологияларды ілгерілетуге қызығушылық танытты Португалдық компания Қазақстанда жасыл технологияларды ілгерілетуге қызығушылық танытты
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан