• Басты бет
  • Жаңалықтар
  • «Жасыл» қаржыландыру қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді – Душанбедегі конференция

«Жасыл» қаржыландыру қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді – Душанбедегі конференция

2021 07 26 at 14.35.58

Климат өзгерістері мәселелері жөніндегі Төртінші Орталық Азия конференциясы (ЦАКИК-2021) Тәжікстанның астанасы Душанбеде өз жұмысын бастады. «Арал теңізі бассейніндегі климаттың өзгеруін бейімдеу және оның салдарын жұмсарту бағдарламасы» (CAMP4ASB) жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар Орталығының (ХЖТИЖО) өкілдері қатысты.

Конференцияның мақсаты – ғылыми негізделген және климаттық тұрақты шешімдер қабылдау жүйесін қолдау үшін өңірлік диалогты күшейтуге, ақпарат және білім алмасуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қаржы ұйымдары мен даму агенттіктерінің климаттық жобаларды іске асыруда синергияны қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер іздеуіне жәрдемдесу.

Іс-шара өңірлік компонентін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы (ОА ӨЭО) Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ АК) атқарушы комитетінің тапсырысы бойынша және оның үйлестіруімен жүзеге асыратын жобалардың бірі болып табылады.

ХЖТИЖО Директорлар кеңесінің Төрағасы Данияр Ереншінов өз сөзінде «жасыл» қаржыландыру жүйесін дамытпай, «жасыл экономикаға» көшу мүмкін емес екенін атап өтті.

«Жасыл» қаржыландыру қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, климаттық өзгерістердің салдарын жұмсартуға және табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға ықпал ететін экономикалық қызметті қолдауға бағытталған қаржылық қызметтер мен құралдарды пайдалануды білдіреді. Бұл экономикалық қызмет «жасыл» жобаларды іріктеуді, қаржыландыруды және іске асыруды қамтиды. «Жасыл жобаларды» іріктеу кезінде «жасыл» қаржыландырудың маңызды шарты оның белгілі бір стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан тәуелсіз сыртқы бағалау жүргізу болып табылады. Қаржы институттары «жасыл жоба» мәлімдеген әсерлердің қаншалықты қол жетімді екенін анықтай алмайды», - деді Данияр Ереншінов.

Орталықтың Директорлар кеңесінің Төрағасы халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Үкіметі Экологиялық кодексте «жасыл жобаларды» сараптау тетігін ұсынғанын да атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибені талдау «жасыл жобаларды» жіктеу тетігі арқылы жобаларды іріктеуге арналған басқа бағытты да көрсетті.

Тұрақты қызметке арналған бірыңғай жіктеу жүйесі немесе таксономия тұрақты дамуды қаржыландыру саласындағы бірыңғай терминология жүйесін ұсынады.

Данияр Ереншіновтің айтуынша, таксономия мынадай алты экологиялық мақсатқа жетуге көмектеседі: 1. климаттың өзгеру салдарын жұмсарту; 2. климаттың өзгеруіне бейімделу; 3. су ресурстарын тұрақты пайдалану және қорғау; 4. циркулярлық экономикаға көшу, қалдықтардың алдын алу және қайта өңдеу; 5. ластануды болдырмау және онымен күресу; 6. сау экожүйелерді қорғау.

Екікүндік Конференция барысында сектораралық және министрлікаралық ынтымақтастық мәселелеріне, ғылыми зерттеулерге және жас ғалымдардың рөліне арналған бірқатар іс-шаралар өтеді. Конференцияда жаңа білім, инновациялық технологиялар туралы ақпарат ұсынылады, елдің және жалпы аймақтың деңгейінде климаттық негізделген шешімдер қабылдау жүйесін қолдау үшін өткен жылы пайда болған құралдар мен өнімдер көрсетіледі.

Іс-шарада сондай-ақ елдердің 2021 жылғы қарашада Глазго қаласында өтетін БҰҰ КӨНК (КС-26) Тараптар Конференциясының 26-шы сессиясына дайындығы, сондай-ақ КС-26 жоспарланған шешімдері бойынша өңірді және бірыңғай ұстанымды ұсыну мүмкіндіктері талқыланады.

Ұйымдастырушылар Конференция қорытындысы бойынша климаттық саясатты іске асыру, денсаулық сақтау аспектілерін, климаттың өзгеруі бағытындағы азаматтық қоғамның рөлін және КС-26-ға дайындықты қамтитын экологиялық қалпына келтіруге көзқарасты талқылау мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің өңірлік диалогы күшейтіледі деп болжап отыр.

ЦАКИК - 2021 қорытынды құжаты іс-шара барысында барлық сессиялар мен пікірталастардың негізгі хабарламаларын қорытындылайды және мүдделі тараптарды жаһандық климаттық міндеттемелерді іске асыру жолында Орталық Азия елдерінің қабылдап жатқан және жоспарлап отырған қадамдары туралы хабардар етеді.

Қосымша ақпаратты ttps://centralasiaclimateportal.org. сайтынан қарауға болады.

«Жасыл» қаржыландыру қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді – Душанбедегі конференция «Жасыл» қаржыландыру қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді – Душанбедегі конференция
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан