«ХЖТИЖО» КЕАҚ базасында ЕҚТ Орталық Азия бюросы құрылады

27072021

Климат өзгерістері мәселелері жөніндегі төртінші Орталық Азия конференциясы (ОАӨАҮО-2021) шеңберінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) «Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығымен» (ОАӨЭО) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі салалары - «жасыл» экономикаға көшуді іс жүзінде іске асыруға жәрдемдесу, «жасыл» қаржыландыруды тарту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту және «ХЖТИЖО» КЕАҚ базасында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы шеңберінде ЕҚТ Орталық Азия бюросын құруға жәрдемдесу.

ХЖТИЖО Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры Шыңғыс Қанапьяновпен және ОАӨЭО атқарушы директоры Зафар Махмудовпен қол қойылған Келісім шеңберінде ақпарат, білім алмасу, оның ішінде климаттық және экологиялық тақырыптарға арналған есептерді ұсыну жүргізілетін болады.

Құжат сондай-ақ «жасыл» технологиялар трансфері және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту саласында тәжірибе және үздік практикалар алмасу үшін ХЖТИЖО базасында Қазақстанда «жасыл» технологиялардың өңірлік Орталық Азия Климаттық хабын (Climate Hub) құруға жәрдем көрсетуді көздейді

Тараптар Орталық Азия елдері арасында «жасыл» технологиялар мен ең үздік қолжетімді техникалар бойынша ХЖТИЖО бастамаларын, жобаларын, сондай-ақ климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика, қоршаған ортаны және су ресурстарын басқару сияқты салалардағы ОАӨЭО жобаларын ілгерілету және іске асыру үшін күш-жігер мен ресурстарды біріктіруге ниеттеніп отыр.

Сондай-ақ ынтымақтастық Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Қосымша ақпаратты ttps://centralasiaclimateportal.org. сайтынан қарауға болады.

«ХЖТИЖО» КЕАҚ базасында ЕҚТ Орталық Азия бюросы құрылады «ХЖТИЖО» КЕАҚ базасында ЕҚТ Орталық Азия бюросы құрылады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан