• Басты бет
  • ҒТК
  • ҒТК отырысы
  • Өндірістік секторларды қол жетімді техникаларға (BAT) көшіру бойынша салалық нұсқаулықтарды қарау бойынша ҒТК отырысы

Өндірістік секторларды қол жетімді техникаларға (BAT) көшіру бойынша салалық нұсқаулықтарды қарау бойынша ҒТК отырысы

02072021

2021 жылғы 30 маусымда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өндірістік секторлардың ең үздік қолжетімді техникалар (ЕҚТ) қағидаттарына көшуі жөніндегі салалық анықтамалықтарды қарау бойынша ғылыми-техникалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа ҒТК мүшелері, белгілі салалық сарапшылар, жетекші ғалымдар мен өндіріс мамандары қатысты: Құлекеев Жақсыбек, Байғарин Қанат, Артюхина Галина, Алтаева Зәуре, Естемесова Ақсая, Алдабергенова Сәуле, Архипкин Олег, Иван Раделюк, Түсіпова Кәмшат, Елубаев Азамат және Орталықтың басшылары мен өкілдері  - Ереншінов Данияр, Игенова Жанар, Қуанбаева Елена, Медиева Гүлбазар, Кульмамирова Маржан.

Бүгінгі таңда қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің қағидаттары мен тетіктерін іске асыруға сәйкес Қазақстанның барлық өндірістік кәсіпорындарында ЕҚТ енгізу ең өзекті мәселе болып отыр. Бұл әлемдік тәжірибе елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға сөзсіз ықпал етпек. Бұл процесте ХЖТИЖО жанындағы ЕҚТ бюросы орындайтын салалық анықтамалықтарды әзірлеуге маңызды рөл беріледі. Анықтамалар ең үздік қол жетімді технологияларды қолдана отырып, зиянды заттардың шығарындыларының минималды деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін нормативтік құжат ретінде қызмет етеді. Онда олардың елдің өндірістік секторларының өңірлік жағдайларына бейімделуін ескере отырып, ең үздік технологиялар көрсетілетін болады.

Сарапшылар «Мұнай және газ өндірісі», «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу», «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі», «Цемент және әк» бағыттары бойынша анықтамалықтардың жобаларын қарап, атап айтқанда, Қазақстан жағдайлары үшін таңдап алынған технологияларды бейімдеуге қатысты, олардың практикалық және ғылыми маңыздылығына бірқатар ескертулер мен ұсынымдар берді, соның нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларының ең төменгі деңгейіне қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, олар анықтамалықтарды әзірлеуде нақты әлеуметтік-экономикалық аспектілерге ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

 Соңында ҒТК Төрағасы Бақытжан Жұмағұлов барлық сарапшыларға кәсіби жұмысы үшін алғысын білдіріп, бұл бірінші тыңдау болып табылатынын және барлық ескертпелер мен ұсынымдар оларды жою үшін тікелей әзірлеушілерге берілетінін атап өтті.

Өндірістік секторларды қол жетімді техникаларға (BAT) көшіру бойынша салалық нұсқаулықтарды қарау бойынша ҒТК отырысы Өндірістік секторларды қол жетімді техникаларға (BAT) көшіру бойынша салалық нұсқаулықтарды қарау бойынша ҒТК отырысы
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан