• Басты бет
  • Баспасөз хабарлама
  • Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы еуропалық компаниялармен және институттармен бірқатар келісімдерге қол қойды

Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы еуропалық компаниялармен және институттармен бірқатар келісімдерге қол қойды

Мемлекет басшысының Финляндия мен Бельгияға сапары барысында КЕАҚ "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (ХЖТИЖО) басшысы Р.Жошыбаев Еуропалық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, бірқатар келісімдерге қол жеткізді.

Хельсинкиде КЕАҚ "Қазақстан-фин технологиялық орталығы"-мен ынтымақтастық туралы Меморандума қол қойылды. NEFCO (Солтүстік экологиялық Қаржы Корпорациясы) басшылығымен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстандағы скандинавиялық бизнес жобаларын қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілді.

SET CleanTech, Polarsol, Onninen жетекші фин компанияларымен байланыс орнатылып, сонымен қатар ҚТҚ қайта өңдеу бойынша заманауи технологияларды, автономды күн жылыту және су қоймаларын тазарту жүйелерін қолдану мүмкіндігі қарастырылды.

Брюссельде экология және тұрақты даму саласында VITO зерттеу агенттігімен бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қоюға шарттасты. CMI компаниясының басшылығымен кездесу барысында күн электр станциясының құрылысы бойынша жобаны іске асыру мәселесі талқыланды. CMI Group -энергетика, қорғаныс, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау және сервистік қызмет көрсету аясында 200 жылдық тарихы бар көпсалалы холдинг. Бельгиялық компания Астана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне қатысты.

Сондай-ақ, Латвияға Рига қаласына жұмыс сапары барысында Institute for Environmental Solutions (экологиялық шешімдер институтымен) ынтымақтастық туралы меморандум қол қойылды.

Аталған барлық кездесулер мен келісімдер ХЖТИЖО алдына қойылған мақсаттарға сәйкес және де Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының халқына арнаған Жолдауында айтылған міндеттерді орындайды.

Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы еуропалық компаниялармен және институттармен бірқатар келісімдерге қол қойды Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы еуропалық компаниялармен және институттармен бірқатар келісімдерге қол қойды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан