• Басты бет
  • Баспасөз хабарламалары
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (IGTIC) Қарағанды облысының әкімдігімен жасыл экономиканы дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті. Бүгін облыс әкімі Ерлан Қошанов пен IGTIC басшысы Рәпіл Жошыбаевтың кездесуі барысында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қарағанды облысының әкімдігімен келісім кешенді даму жоспарларын, инвестициялық, экологиялық және ғылыми-білім беру жобаларын әзірлеу және іске асыру кезінде ақпарат алмасуды, қызметті үйлестіруді көздейді.Тараптар ЖЭК саласын, энергия тиімділігін арттыруды, энергия үнемдеуді, ТҚҚ басқаруды қоса алғанда, жасыл жобаларды іске асыру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы келісті.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қарағанды облысында жасыл технологиялар мен баламалы энергия көздерін дамыту бойынша бірқатар жобалар табысты жүзеге асырылуда. IGTIC- пен ынтымақтастық біздің өңір үшін инвестициялар тарту, технологиялар мен үздік тәжірибелерді енгізу тұрғысынан алғанда маңызды болып табылады", - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Серіктестік IGTIC-тің оңтайлы шешімдерді таңдау және ТЭК, ТКШ секторында ең озық қолжетімді технологияларды қолдану мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ірі аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін маңызды.

Келешекте IGTIC техникалық және әкімшілік қолдауды, сондай-ақ "Бірыңғай терезе" жүйесі бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады.

Бұдан бұрын, бірлескен жұмыс туралы осындай келісімдер Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Алматы облысының басшылығымен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен жасалған болатын.

Сол күні Саран қаласында IGTIC өкілдері Орталық Азиядағы қуаты 100 МВт ең ірі күн электр станциясының ресми ашылуына қатысты. Құны 137 млн. USD болатын жобаны халықаралық инвесторлар тобы қаржыландырып, ол үздік техникалық және халықаралық стандарттарға сәйкес іске асырылды. Компоненттердің кепілдік берілген қызмет ету мерзімі-30 жылдан астам, таза электр энергиясын өндіру көлемі-жылына 147 млн кВт.сағат.

ХЖТИЖО Баспасөз қызметі

e-mail: igtickz@gmail.com

Марат Мухамедсалиев +7776 9994099

Жамиля Нашекен +7701 7411007

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен әріптестік Қарағанды облысында жасыл экономиканың дамуын қамтамасыз етеді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан