Сарапшылар ЕҚТ бойынша анықтамалықтар үшін қоршаған ортаға эмиссия шегін белгілеу тәсілдерін талқылады

images 2021 08 12

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2021 жылғы 4 тамызда Еуропалық Одақтың «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) жобасының қатысушыларымен және Атмосфералық Ауаның Ластануы және Климаттың Өзгеруі Мәселелері жөніндегі Citepa Сараптамалық орталығының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Сондай-ақ кездесуге ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеуші халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты.

Онлайн конференция шеңберінде сарапшылар ЕҚТ бойынша анықтамалықтардың «ЕҚТ бойынша тұжырымдарды қамтитын қорытынды» бөлімдерін әзірлеуші тәуелсіз сарапшылар әзірлеген «Техникаларды ЕҚТ-ға жатқызу әдіснамасы» жобасын қарады. Сонымен қатар, қатысушылар Чехия мен Франция үлгісіндегі эмиссия шегі мен заңнаманы белгілеу бойынша еуропалық тәжірибені талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша дауыс беру арқылы «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі», «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу», «Мұнай және газ өңдеу», «Цемент және әк өндірісі» деп аталатын ЕҚТ бойынша анықтамалықтар үшін қоршаған ортаға эмиссия шегін белгілеу бойынша тәсілдерді қолдануға қатысты шешімдер қабылданды.

Сарапшылар ЕҚТ бойынша анықтамалықтар үшін қоршаған ортаға эмиссия шегін белгілеу тәсілдерін талқылады Сарапшылар ЕҚТ бойынша анықтамалықтар үшін қоршаған ортаға эмиссия шегін белгілеу тәсілдерін талқылады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан