Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылмақ

Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылады. Бұл туралы бүгін XII АЭФ аясындағы «Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйені құру. Ғылым, білім және технология» сессиясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жасыл кәсіби білім беру тұрақты дамуға септігін тигізетін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері қамтуы тиіс", - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары. Осы орайда вице-премьер кәсіби білім беру үшін шарты түрде жасыл кампус, тұрақты дамудың субъектісі ретіндегі жасыл оқу орындарының ықпалдасуы маңызды екендігін баса айтты.

"Қазіргі уақытта жасыл кампустар құру идеясы дамып келе жатыр. Оның миссиясы факультеттердің өмірлік тыныс-тіршілігіне осындай тәжірибелері енгізу және көрсету арқылы тұрақты даму ұстанымдарынан таймау қажеттігіне түрлі аудиторияның назарын аудару саналады. Мұндай бағдарлама АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Швейцария, Австралия, Қытай, Жапония және Қытайда жемісті жүзеге асырылуда", - деді ол.

Айта кетерлігі, осы сессия барысында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы Әлия Назарбаева экологтарды дайындау реформасын жеделдету қажеттігін айтқан болатын. 

«Кәсіби кадрларды дайындау жүйесіндегі сапалық реформалар процесін жеделдетіп, экологиялық қауіпсіздік пен лайықты еңбек шарттарын құруға басымдық бере отырып, үкімет, жұмыс беруші, еңбек биржасы, сонымен қатар филантроптардың келісілген іс-әрекетін түзу қажет деп санаймын. Бұл энергиямен шикізатты пайдалану тиімділігін арттыруға, парникті газдар шығарындыларын шектеуге,  қоршаған ортаға қоқыстар мен лас заттардың шығуын азайтуға, экожүйені қорғап, қалпына келтіруге алып келеді», - деді Әлия Назарбаева.


inform.kz

Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылмақ Қазақстанда АҚШ, Жапониядағыдай «жасыл» білім беру кампустары құрылмақ
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан