• Басты бет
  • Баспасөз хабарлама
  • ЭКСПО-2020 Дубай көрмесі шеңберінде "KAZAKHSTAN GREEN DAY" іскерлік іс-шаралар сериясын "өнеркәсіптің түрлі салаларында ОҚТ енгізу және дамыту" бөлігінде өткізу нәтижелері

ЭКСПО-2020 Дубай көрмесі шеңберінде "KAZAKHSTAN GREEN DAY" іскерлік іс-шаралар сериясын "өнеркәсіптің түрлі салаларында ОҚТ енгізу және дамыту" бөлігінде өткізу нәтижелері

  • Маркерлік ластаушы заттардың неғұрлым қатаң шекті деңгейлерін белгілеуге итермелейтін факторлар.

2021 жылғы 16 қыркүйектегі ЕҚТ бойынша анықтамалықтың жобасында 2021 жылғы 25 тамыздағы ЕҚТ бойынша анықтамалықтың жобасындағы шекті деңгейлерге қатысты маркерлік заттардың неғұрлым қатаң шекті деңгейлерін белгілеу мынадай факторларға байланысты:

а) қолданыстағы қондырғылар, оның ішінде энергетика саласы үшін шекті деңгейлерге қол жеткізу газ тазалаудың тек қазіргі заманғы әдістері енгізілген жағдайда ғана мүмкін болады;

б) кешенді технологиялық аудит кезеңінде верификацияланбаған деректерді алу;

в) ЭЫДҰ елдеріндегі ескірген техникаларды енгізудің әлеуетті тәуекелі;

г) технологиялық прогресті тежеу және ғылымды дамыту;

д) "жасыл экономиканы" ілгерілетудегі жаһандық әлемдік сын–қатерлер кезіндегі әріптестіктің инвестициялық тәуекелі;

е) "ыңғайлы" шекті деңгейлерді белгілеудегі жұртшылықтың конструктивті сыны;

ж) неғұрлым қатаң шекті деңгейлерге нақты және практикалық қол жеткізудегі халықаралық сарапшылардың ұстанымы.

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кешенді экологиялық рұқсаттарға және осыған байланысты тәуекелдерге көшуі.

Қолданыстағы объектілердің кешенді экологиялық рұқсатқа көшуі I санаттағы объектілердің жұмыс істеп тұрған операторлары үшін ерікті рәсім болып табылады.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің қағидаттарының бірі "ластаушы төлейді" болып табылады және ТОП–50 объектілері үшін оларды ЕҚТ енгізуге және КЭР–ге көшуге ынталандыру мақсатында 2025 жылдан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын арттыру көзделген.

Электр және жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін төлемақы мөлшерлемелері 0,6 – 1,2 – 2,4 есе өседі.

І санаттағы объектілердің операторлары үшін объективті себептерге байланысты КЭР–ге көшу мүмкін болмаған кезде анықтамалықта ұсынылған техникаларды қолдану қоршаған орта объектілеріне антропогендік әсерді қысқартуға, сондай–ақ әсер етуге экологиялық рұқсат негізінде қоршаған ортаға әсер етуді жүргізуге мүмкіндік береді.

  • Қатты отын сапасы мәселелері.

Отын балансындағы көмірдің үлесі – 84,5%, газдың үлесі – 14,6%, мазуттың үлесі – 0,9% құрайды. Қазақстан энергетикасының отын балансында көмірдің айтарлықтай басым болуы Қазақстан электр энергетикасының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Көмірдің ішінде ең көп қолданылатыны Екібастұз көмірі, күлділігі – 41% және одан да көп.

Халықаралық сарапшылар бұл аспект бойынша салыстырмалы түрде "жеңіл" тәсілді атап өтті.

Анықтамалықтар қазақстандық жағдайларға бейімделген, шаң (қатты бөлшектер) үшін шекті деңгейлер көмірдің сапасына және оның меншікті электр кедергісіне сәйкес белгіленген.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, нақты нәтижелер, әдетте, анықтамалықтарда белгіленгеннен әлдеқайда төмен және ұстаным іс жүзінде қол жеткізілген көрсеткіштерге негізделген.

  • Электр энергетикасы өнеркәсібін дамытудың салалық бағдарламасының болмауы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2060 жылға дейін Қазақстанның төмен көміртекті даму доктринасы әзірленіп жатыр. Қазақстан үкіметі сондай–ақ Электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша жұмыс істеуде, елдің 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімі дайындалуда.

Қазақстан жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бойынша тұрақты бағыт алды.

  • Кәсіпорындардың ЕҚТ қағидаттарына көшуіне скептикалық көзқарас.

Көптеген жабдықтардың, оның ішінде ЖЭО–ның техникалық жай–күйі мен іс жүзінде тозуы жаңғыртуды талап етеді, алайда халықаралық сарапшылардың пікірінше, ЕҚТ енгізе отырып, оған қол жеткізу мерзімін мынадай жағдайда ғана орындауға болады:

а) верификацияланған деректерді алғаннан кейін ЕҚТ енгізуді іске асыру;

б) инженерлік тәсіл мен сауатты жобалық шешімдерге негізделген жаңғыртудың нақты, теңдестірілген бағдарламасы негізінде әзірлеу;

в) білікті кадрлар мен персоналды жедел даярлау;

г) Төртінші өнеркәсіптік революцияға қатысты екінші өнеркәсіптік революцияның алшақтығын қысқарту мақсатында қалыптасқан менталитет пен стереотиптердегі хабардарлықтың өзгеруі;

д) әрбір нақты жағдайда қаржыландыру мәселелерін шешу.

  • ЕҚТ қаржыландыру және енгізу мәселелері.

ЕҚТ жөніндегі анықтамалықтардың басты мақсаты кәсіпорындардың жалпы қоршаған ортаның жоғары сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ету және халық денсаулығына әсерін барынша азайту болып табылады.

Қандай да бір техникалардың  немесе жиынтық түрде бірге алынған техникалардың қолданылуын бағалау, сондай–ақ ЕҚТ енгізу рәсімі тек жеке рәсімдер болып табылады, әрбір оператордың ғылыми және жобалау институттарын тарта отырып  пысықтауын және шешім қабылдауын талап етеді.

"ХЖТИЖО" КЕАҚ қазақстандық компаниялардың каталогы болып табылатын жасыл технологиялар мен жабдықтарды отандық өндірушілер мен жеткізушілердің тізілімін жүргізеді. Қазіргі уақытта Тізілімге жасыл технологиялар мен жабдықтарды өндірумен және/немесе жеткізумен айналысатын 38 ұйым кірді.

Тізілім "жасыл" жобаларды іске асыру кезінде шешімдерді таңдау мен қабылдауды жеңілдетеді және жасыл технологиялар нарығының барлық қатысушыларын байланыстыруға мүмкіндік береді. Сондай–ақ Тізілім Орталықтың https://igtipc.org корпоративтік сайтын қоса алғанда, онлайн ресурстарға жарияланады.

Бірқатар операторлар үшін мемлекет ұсынатын салықтық және заңнамалық преференциялар пәрменді болады, республикада өнеркәсіпті инновациялық дамытуға субсидиялар, гранттар мен жеңілдікті кредиттер беріледі.

Мемлекет басшысы саланы дамытуға халықаралық инвесторлар тартуды маңызды міндет деп атады. Оның тапсырмасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің, Францияның және басқа да Еуропа елдерінің инвесторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

  • Ғылымды дамытуға, мамандарды даярлауға, ілеспе инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі.

Білім беру платформасын дамыту және "жасыл" өсу идеяларын насихаттау, ЕҚТ қағидатын енгізу мақсатында 2020 жылдан бастап GREEN WEBINAR платформасын құру арқылы онлайн–жоба ашылды. GREEN WEBINAR платформасында жарияланған тақырыптарды ашу үшін белгілі халықаралық сарапшылар, өндірістің ірі мамандары, экология, тұрақты даму және ЕҚТ саласындағы жетекші ғалымдар және жеке сектор өкілдері шақырылады.

Вебинарлар тар шеңберлі бағытта және арнайы мақсатты аудитория үшін өткізіледі, бұл екінші тақырыптарды қалдырып, басты нәрсеге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптің ғылымды дамытуға, мамандарды даярлауға, ілеспе инфрақұрылымдарды қалыптастыруға қатысуы қажет.

Онсыз ЕҚТ–ға көшу қағидаттарына сәйкес қандай да бір технологиялық серпіліс пен прогресс туралы сөз қылуға болмайтын басым міндет – ЕҚТ көрсеткіштері шеңберінде тәжірибелік–конструкторлық алаңдар құра отырып, әрбір технологиялық үдерісте инновацияларды оңтайландыруға, автоматтандыруға және енгізуге бағытталған қолданбалы ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.

ЕҚТ қағидаттарына көшу үшін маңызды және негізгі міндет:

– персоналды оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру үшін инфрақұрылым құру;

– тәжірибе алмасу және өз өндірісінде тікелей қол жеткізілген үздік нәтижелерді имплементациялау мақсатында ЕҚТ енгізу бойынша жетекші кәсіпорындарда ұқсас салалық ортада тағылымдама жүргізу;

– студенттерді отандық және шетелдік үздік салалық жоғары оқу орындарына оқуға жіберу, оларды кейіннен жұмысқа орналастыру, соның ішінде компаниядағы жұмысқа әлеуетті дайын студенттерді анықтау және ынталандыру үшін студенттердің жәрмеңкелеріне қатысу.

Сонымен қатар, ЕҚТ енгізуге, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік перспективаларымен радикалды қазақстандық инновацияларды дамытуға арналған шығындарды қысқарту мақсатында импортты алмастыру құралы ретінде техникаларды, жабдықтар мен материалдарды отандық өндірушілерді тарту және субсидиялау таяудағы болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді және экономикалық, сондай–ақ әлеуметтік оң аспектілерге жол ашады.

ЭКСПО-2020 Дубай көрмесі шеңберінде "KAZAKHSTAN GREEN DAY" іскерлік іс-шаралар сериясын "өнеркәсіптің түрлі салаларында ОҚТ енгізу және дамыту" бөлігінде өткізу нәтижелері ЭКСПО-2020 Дубай көрмесі шеңберінде "KAZAKHSTAN GREEN DAY" іскерлік іс-шаралар сериясын "өнеркәсіптің түрлі салаларында ОҚТ енгізу және дамыту" бөлігінде өткізу нәтижелері
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан