АӨСШК шеңберінде жасыл технологиялар мен ЖЭК дамыту

2021 11 24 4

2021 жылғы 25 қарашада Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы) базасында АӨСШК мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастығы аясында «Төмен көміртекті даму тұрғысында  жасыл технологиялар мен ЖЭК дамыту» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтеді.

Конференцияға АӨСШК-ке қатысушы мемлекеттердің, үкіметтік және үкіметтік емес мекемелердің, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, ЖЭК және «жасыл» технологияларды дамыту саласында өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық әріптестердің өкілдері қатысады.

Халықаралық онлайн-іс-шараға қатысушыларға АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау және таза, «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша бірлескен ұстанымын әзірлеу ұсынылады.

Күн тәртібінде қатысушылардың баяндамалары, сұрақтар мен жауаптар раундтары және қажетті шараларды талқылау, жедел және тиімді шешімдерді іздеу, таза, «жасыл» инновацияларды тарату, сондай-ақ төмен көміртекті даму контексіндегі іс-қимылдар мен жалпы саясатты үйлестіру үшін сессиялық онлайн-кеңестер көзделген.

АӨСШК елдерінің Глазгодағы БҰҰ Климаттық конференциясының шешімдерін іске асыруға қатысу әлеуеті мен жоспарларын талқылау жоспарланған.

Шанхай экологиялық-энергетикалық биржасының (Shanghai Environment and Energy Exchange) және Қытай Пекин Жасыл биржасының (CBEEX) сарапшылары көміртегі нарығы мен көміртегі бірліктерін сату жүйесін қалыптастыру және дамыту тәжірибесімен бөліседі.

Конференцияны Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы АӨСШК хатшылығымен бірлесіп өткізеді.

Конференция Интернет желісінде трансляцияланып, онлайн-форматта өтеді. Іс-шараға кіру сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/81376703843?pwd=c2tTVUxYNEpTSlJFZHNLRzYxS1p0UT09

Youtube сервисі арқылы онлайн трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=SKDSOTZBDk0

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Іс-шараның трансляциясы конференция күні, барлық іс-шаралар басталардан 30-15 минут бұрын басталады. Көрсетілген уақытқа дейін сілтемелер жұмыс істемейді.

АӨСШК шеңберінде жасыл технологиялар мен ЖЭК дамыту АӨСШК шеңберінде жасыл технологиялар мен ЖЭК дамыту
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан