Ең үздік қолжетімді техника - тұрақты даму қағидаты

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған вебинар аясында қоршаған ортаға теріс әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындарды экологияландыру мәселелері, орнықты даму контекстіндегі ең озық қолжетімді техникалар тұжырымдамасын дамыту перспективалары, сондай-ақ шет елдерде ОҚТ қолдану және енгізу тәжірибесі қаралды.

Онлайн кездесуге экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Теңізшевройл» ЖШС, «QazaqGaz» ҰК АҚ, KEGOC, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Бәйтерек» Холдингі, «СевКазЭнерго» АҚ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Еуразиялық электроэнергетикалық қауымдастық» ЗТБ-ның 130-ға жуық өкілі,  «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ және басқалары қатысты.

Вебинарға қатысушыларды құттықтай отырып, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ОҚТ бюросының басшысы Бауыржан Әбенов Экологиялық күн тәртібінің тақырыбы өте өзекті екенін және ОҚТ-ны елдің өндірістік секторындағы тұрақты даму қағидаты ретінде бағалауды өз алдына қойып отырғанын атап өтті.

«Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ОҚТ қағидаттарына көшу – жасыл дамуды қамтамасыз ету және қоршаған ортаға антропогендік әсерді барынша азайту үшін ең тиімді және пәрменді құралдардың бірі», - деп толықтырды іс-шараны ашқан Бауыржан Әбенов

Еуропалық Одақта ОҚТ тұжырымдамасын енгізу, рұқсаттар берудің кешенді процесі, сондай-ақ экологиялық реттеудің негіздері туралы ЕО заңнамасы бойынша wecoop негізгі сарапшысы Владислав Бизек айтып берді.  Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда ластанудың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық бюро (EIPPCB) НДТ (BREF) бойынша 31 анықтамалық құжат дайындады. 2012 жылдан бастап аталған анықтамалық құжаттар кезең-кезеңімен ОҚТ бойынша заңды міндетті қорытындылармен қоса беріледі.

Орнықты даму контекстіндегі ОҚТ тұжырымдамасының даму перспективаларына орнықты даму және ОҚТ саласындағы халықаралық сарапшы Наталия Попько егжей-тегжейлі тоқталды.

«Техникалар, егер олардың даму деңгейі өндірістің тиісті секторында мұндай техникаларды экономикалық және техникалық ықтимал жағдайларда енгізуге мүмкіндік берсе, мұндай техникалар Қазақстан Республикасында қолданылатынына немесе өндірілетініне қарамастан, шығындар мен пайданы назарға ала отырып және олар объект операторы үшін негізді түрде қолжетімді шамада ғана қолжетімді деп есептеледі»,- деп атап өтті өз таныстырылымы барысында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ анықтамалықтар талдау басқармасының НДТ бойынша анықтамалықтар жетекшісі Темірбек Алмагжанов.

Тұрақты даму саласындағы менеджмент жүйесінің аудиторы Дина Гончарук ISO 14001-2015 экологиялық менеджмент жүйесіне ерекше назар аударды. Спикер атап өткендей, бұл жүйенің мақсаты - ұйымдарға әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері бар теңгерімде қоршаған ортаны қорғау үшін тәсіл ұсыну.

«Қоғамның тұрақты дамуға, ашықтыққа және үйлесімділікке деген үміті заңнаманы қатайтумен, қоршаған ортаға ластанудың өсіп келе жатқан әсерімен, ресурстарды тиімсіз пайдаланумен, қалдықтарды дұрыс пайдаланбаумен, климаттық өзгерістермен, экожүйелердің тозуымен және билогиялық әртүрлілікті жоғалтумен қатар дамыды. Экологиялық менеджментке жүйелі көзқарас ұзақ мерзімді перспективада жетістікке жету үшін және тұрақты дамуға ықпал ету үшін мүмкіндіктер жасау үшін жоғары басшылық бере алады», - деп толықтырды Дина Гончарук.

Онлайн кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар вебинарда қозғалған тақырыптардың нақты маңыздылығын атап өтіп, пікір алмасты және спикерлерден өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Ең үздік қолжетімді техника - тұрақты даму қағидаты Ең үздік қолжетімді техника - тұрақты даму қағидаты
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан