IGTIC вебинарлары: климаттың өзгеруі, ESG, «жасыл» экономикаға көшу

Пікірталастарға мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бизнестің және т. б. 100-ге жуық өкілі қатысты.

Мәселен, бірінші вебинар барысында Климаттың өзгеруі тақырыбында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласына климаттық өзгерістердің әсері мәселелері қозғалды. Аталған вебинардың спикерлері ғылым кандидаты және метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі - Кауазов Азамат, "Қазгидромет", агроөнеркәсіп басқармасының бастығы Мұқанов Ерболат, ғылым кандидаты және география және табиғатты пайдалану институтының климатология бөлімінің басшысы Байшуланов Сәкен болды. Айта кету керек, Қазақстан, Орталық Азияның басқа елдері сияқты, климаттың өзгеруіне неғұрлым осал елдер тобына жатады. Бұл құрғақ табиғи жағдайларға, сондай – ақ жаһандық температура реттегіші-мұхитқа шығудың болмауына байланысты.

Кездесу спикерлері ұлттық және ұлтаралық деңгейлерде нақты шараларды іске асыру арқылы, сондай-ақ тиімді қаржы ағындарын, жаңа технологиялық негіздемелік бағдарламаны құру арқылы климаттың өзгеруіне қарсы белсенді күрес қажеттігін атап өтті. 

Климаттың өзгеруіне қарсы күресте, ESG принциптерін енгізу бөлігінде толығырақ ақпарат екінші вебинар аясында ұсынылды. Кездесуде SDGs/ESG саласындағы сарапшы-кеңесші Сергей Цой, сондай-ақ KASE биржасының эмитенттері мен мүшелерінің мониторингі департаментінің директоры Литвинов Виктор таныстырылымдар жасады.

Спикерлер атап өткендей, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» экономикаға көшу үшін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор мен бизнестің үйлесімді күш-жігері қажет. Бұл туралы және тағы басқалар «жасыл» саясат қағидаттарын іске асырудың практикалық аспектілеріне бағытталған үшінші вбеинар аясында талқыланды. Мәселен, экологиялық ұйымдар қауымдастығының Басқарма Төрағасының кеңесшісі Әлия Баймағанова «жасыл» инновациялар және олардың орнықты даму мақсаттарын ілгерілетудегі рөлі мен артықшылықтары туралы айтып берді.

«ХЖТИЖО» КЕАҚ ЕҚТ бюросының басшысы Бауыржан Әбеновтың айтуынша, ең озық қол жетімд техникалар бойынша әзірленіп жатқан анықтамалық жобалар қоршаған ортаға антропогендік әсерді түбегейлі төмендетуге оң әсер бермек.

Өз кезегінде, «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров тиімді «жасыл» ауысу үшін салааралық экожүйелерді құру қажеттілігі, сондай-ақ осы бағытта отандық бизнес үшін ынталандыру шараларын енгізудің маңыздылығы туралы айтып берді. 

Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар вебинарда қозғалған тақырыптардың маңыздылығын атап өтті, пікір алмасты және спикерлерден өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алды.

IGTIC вебинарлары: климаттың өзгеруі, ESG, «жасыл» экономикаға көшу IGTIC вебинарлары: климаттың өзгеруі, ESG, «жасыл» экономикаға көшу
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан