IGTIC жаһандық PFAN сарапшылар желісінің серіктесі болды

«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» (ЖТИЖХО) БАҚ таза энергия және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы кәсіпкерлерге/әзілеушілерге тегін сараптамалық және инвестияциялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, Private Financing Advisory Network (PFAN) ғаламдық сарапшылық желісінің Қазақстандағы алғашқы желілік және инвестициялық серіктесі болды.

ЖТИЖХО жасыл экономика саласындағы іске асырылып жатқан әлеуетті жобаларға қолдау көрсетеді. Осы үшін компания құрылымында Бизнесті және инвестицияларды қолдау департаменті құрылды. ЖТИЖХО және PFAN серіктестігі отандық бизнес үшін бұрын қолжетімсіз болған мүмкіндіктерге жол ашады, атап айтқанда бизнес пен жобаларға инвестицияларға дайын ұсыныстарды әзірлеуге көмек көрсету: 

  • • Консультанттар мен сарапшылардың жеке көмегі
  • • Инвестицияларға дайындықты бағалау
  • • Инвесторларды тарту бойынша жеке қызметтер
  • • Келісімдер жасауда техникалық көмек көрсету және қолдау
  • • Инвестициялық форумдарға қатысу мүмкіндігі

«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» БАҚ және Private Financing Advisory Network Бизнес жобаларды әрі қарай дайындау және өтінім беру үшін Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу және экологиялық таза энергия саласындағы жобаларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді 2019 жылдың 30 қарашасына дейін ұсыну қажет.

ЖТИЖХО қызметкерлері әлеуетті жобалаушыларға консультациялық және техникалық қолдау көрсетуге, оның ішінде жобаны қаржыландыру және жүзеге асыру сатысына дейін көмектесуге әзір.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады: 8 (7172) 79 32 37

Анықтама үшін:

ЖТИЖХО – «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» бейкоммерциялық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, 2015 жылдың қыркүйегінде  БҰҰ 70-ші Бас Ассамблеясында айтылған бастама аясында құрылды.

Орталықтың миссиясы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың өмір сапасын арттыру және қоршаған ортаға кері әсерді төмендету үшін жасыл технологиялар мен үздік жобаларды жылжыту болып табылады.

Мәңгілік Ел данғылы, 55, Нұр-Сұлтан қаласы

PFAN - Private Financing Advisory Network, 2006 жылы негізі қаланған. Басқару комитеті Өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар ұйымы (UNIDO) және Қайта қалпына келетін энергия көздері мен жаңартылатың энергия тиімділік бойынша серіктестік (REEEP) болып табылады.

 PFAN миссиясы бизнес пен инвестициялар арасындағы алшақтықты жою.

pfanbanner

IGTIC жаһандық PFAN сарапшылар желісінің серіктесі болды IGTIC жаһандық PFAN сарапшылар желісінің серіктесі болды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан