IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді

Қазақстанда алғаш рет IGTIC бастамасы бойынша жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды бағалау және сараптау жөніндегі Ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) құрылады.

Төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі ауқымды міндеттерге сүйене отырып, жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы ҒТК құрды, ол «Қалдықтарды басқару», «Тұрақты энергия ресурстары», «Тұрақты қала (жасыл инфрақұрылым)», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады. ҒТК ұсынылған қандай да бір технологиялардың қаншалықты тиімді екенін, олардың жергілікті жағдайларға бейімделуін және т. б. бағалайтын болады.

Осылайша, инвесторлар мен жобалардың өтініш берушілері (бастамашылары) үшін бірыңғай терезе құрылады. Қазіргі уақытта IGTIC -ке жасыл экономика саласындағы, оның ішінде аграрлық шаруашылық, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу және кәдеге жарату, ЖЭК, геотермальды және гидроэнергетика, биогаз саласында 300-ден астам жобалар мен технологиялар келіп түсті.

Тәуелсіз сараптау комиссиясына инженерия саласындағы жетекші ғалымдар, "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас мамандар, өндірістің ірі мамандары, "Атамекен" ҰКП бизнес өкілдері, мемлекет қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары кірді.

Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ 2018 жылдың сәуірінде АСТАНА ЭКСПО-2017 көрмесінің ғылыми және технологиялық мұрасын жалғастыру және дамыту үшін тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Баспасөз қызметі  Марат Мұхамедсәлиев  +7 776 9994099  pr@igtipc.org

IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді
IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді
IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді
IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді IGTIC жасыл жобалар бойынша Ғылыми-техникалық кеңестің бірінші отырысын өткізеді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан