КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды

2020 жылғы 28 ақпанда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтті, оның барысында Ағымдағы жай-күйін бағалау үшін 1 санатты объектілерге кешенді технологиялық аудит (КТА) жүргізу жөніндегі тараптардың ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Қол қою шарасына ҚР ЭГТРМ, «ХЖТИЖО» КЕАҚ, «EcoJer», ТТКҚ, «KAZENERGY», «QAZCEM», «ҚАЗХИМӨНДІРІС», ҚЭҚ өкілдері қатысты. 

Отырыста Экологиялық кодекс жобасы аясында қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесіндегі жаңа тәсілдер талқыланды. Кешенді технологиялық аудит жүргізу тәсілдердің бірі болып табылады. КТА ЕҚТ бойынша техникалық анықтамалықты әзірлеу процесінің бір бөлігі болып табылады, ол өз кезегінде ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарын қолдана отырып, кешенді экологиялық рұқсат беру процесіне жатады. ЕҚТ қағидаттарына көшу - қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмаудың ең тиімді тәсілі. 

Кәсіпорындардың ағымдағы жай-күйін зерттеу үшін бірлесіп барлық күшті жұмылдыру туралы келісімге қол жеткізілді.

КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды
КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды
КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды
КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды КТА бірлесіп өткізу туралы келісімге қол қойылды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан