Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ жанындағы Ең озық қолжетімді технологиялар бюросы 2020 жылғы 13-19 мамыр аралығында ең озық қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) бойынша салалық техникалық анықтамалықтарды әзірлеу бойынша техникалық жұмыс топтарының (ТЖТ) мәжілістерін өткізді.

Атап айтқанда, тау-кен өндіру және металлургия, мұнай-газ, электр энергетикасы, цемент және химиялық өнеркәсіп салалары үшін ЕҚТ бойынша техникалық анықтамалықтарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

ЕҚТ тұжырымдамасы қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын қорғаудың жоғары деңгейін, отандық өнеркәсіптің технологиялық нормалауға негізделген реттеуге көшуін қамтамасыз етуге арналған ластануды болдырмау және бақылаудың негізгі құралы ретінде дамытылуда.

ЕҚТ қағидаттарын енгізу бойынша үздік әлемдік тәжірибе Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясының жобасында көрсетілген, онда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап І санаттағы кәсіпорындардың ЕҚТ қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға көшуі көзделген.

ЕҚТ бойынша салалық техникалық анықтамалар ЕҚТ енгізу және нақты сала үшін тиісті сапа нормативтерін белгілеу бойынша негізгі құжаттардың бірі болады.

Мәжілістерге мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC, Karachaganak Petroleum Operating B.V., «ҚазАзот» АҚ, «Қазфосфат» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 200-ден астам мүшелері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары қатысты.

Мәжілістердің қорытындысы бойынша ТЖТ басшылары және әрбір саланың ағымдағы жай-күйін бағалау үшін ақпарат жинау бойынша анкета-сауалнамалар бекітілді, сондай-ақ ЕҚТ бойынша кешенді технологиялық аудиттер өткізу үшін тәуелсіз сарапшылар құрамы мақұлданды. 

IGTIC баспасөз қызметі
Жамиля Нашекен
Мобильді телефоны: +7 701 741 10 07
Email: pr@igtipc.org
Website

Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді Қазақстанда ең озық қолжетімді технологиялар бойынша салалық техникалық анықтамалықтар әзірленеді
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан