Қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері

whatsapp image 2024 04 24 at 11.25.56

Энергетика саласындағы біліктілікті арттыру мәселелері, құзыреттер мен дағдыларды модельдеудің заманауи тәсілдері, энергетика саласына  кадрлар даярлау. Осы және басқа да мәселелер VI «Энергия мен  ресурстарды үнемдейтін технологиялар: тәжірибе және перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында талқыланды.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында климаттың өзгеруін, парниктік шығарындыларды азайтуды және т.б. ескере отырып, олардың төмен көміртекті дамуын трансформациялауда өндірістік секторлар үшін кадрлар даярлау мәселелеріне арналған панельдік сессия өткізді.

Панельдік сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова және өндіріс мамандары мен ЖОО ректорлары қатысты.

whatsapp image 2024 04 24 at 11.24.52

Барлық өндірістік секторлар үшін трансформациялық процесс деп  көмірден бас тартуды және таза энергетикаға көшуді ғана айтпайды, мұның өзі бизнес, өндіріс, жоғары оқу орындары, ғылым және мемлекеттік органдардың әртүрлі топтарының қатысуын талап ететін күрделі және көп қырлы процесс.

Қазіргі уақытта осыдан бұрын қабылданған «Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы» шеңберінде мемлекет барлық өндірістік секторларды төмен көміртекті дамуға көшіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, ал кейінгі кезде жиілеп кеткен су тасқыны және орман өрті және табиғатты сақтап қалу жөніндегі басқа да экологиялық аспектілер Мемлекет басшысының ерекше бақылауында тұр.

whatsapp image 2024 04 23 at 10.46.25 1

Мұндай төтенше жағдайлардың себептерінің бірі саладағы кадрлардың тапшылығы, климаттың өзгеруі, кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік, әлеуметтік қызметінің барлық салаларындағы бейімделу немесе митигациялық шаралар сияқты экологиялық факторларды есепке алуға бағытталған жаңа кәсіби білімнің жеткіліксіздігі болып табылады.

Осы мәселені шешу үшін нарықтың барлық қатысушылары үшін қалыптасқан жүйені зерделей отырып, жоспарлы жұмыс жүргізу қажет және ол үшін «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бір жағынан өндірістік тұрғыдан, екінші жағынан ғылыми-білім беру қоғамдастығы тұрғысыннан камералдық зерттеулер жүргізеді.

whatsapp image 2024 04 23 at 10.46.25 2

- нарық қатысушыларымен, мамандарды даярлайтын орындармен және кейіннен мамандарды жұмысқа алатын орындармен осы мәселені талқылай отырып, біз бүгінгі күні қалыптасқан нақты жағдайды сипаттап береміз, - деп санайды Ғылыми-технологиялық даму және ҒТК офисінің басшысы, э.ғ.д., академик Гүлбазар Медиева.

- Орталық құрылған сәттен бастап барлық өндірістік кәсіпорындарды ең үздік қолжетімді техника қағидаттарына көшіру мәселелері бойынша зерттеумен, талдаумен, мониторингпен айналысады. Үш жыл ішінде орталық республикалық ауқымда өте үлкен жұмыс атқарды, 2700-ден астам кәсіпорынға кешенді технологиялық аудиттер жүргізілді, оның негізінде 16 салалық анықтамалық әзірленді. Осындай үлкен жұмыс қабатын жүргізе отырып, біз қабылданған Экология кодексіне сәйкес өндірістік салаларды ЕҚТ қағидаттарына көшіру кезінде осы техникалар мен технологияларды кім енгізетінін түсінуіміз керек екендігіне тоқталдық. Жоғары оқу орындары жаңа формациядағы кадрларды қалай дайындайды? Нарық сұраныстары бойынша жұмыс бағдарламалары қайта қаралды ма? Бұл іс-шараның басты  мақсаты да - осы, - деп толықтырды спикер.

whatsapp image 2024 04 24 at 11.24.35

Конференция аясында тұрақты технологиялық өзгерістер жағдайында түрлі сын-қатерлерге тап болатын және экономиканың түрлі секторлары үшін қажетті энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін қазіргі әлемдегі энергетика саласының шешуші рөлі талқыланды.

Осы арнада спикер Бегімбетова Айнұр Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің тәжірибесімен бөлісті, ол кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесінің жұмысын жолға қоятын құрылған республикалық біліктілікті арттыру ресурстық орталығы туралы айтып өтті.

img 2619 

- Шынында да, таза энергетикаға және жаңартылатын энергия көздерін енгізу мәселелеріне көшу, энергия-ресурс үнемдеуші технологияларды қалыптастыру және жалпы климаттық күн тәртібі мәселелері бүгінгі күні экологиялық білімді ескере отырып, энергетика секторындағы мамандардың кадрлық әлеуетін, білім деңгейін арттыру үшін тиімді саясатты да, оны іске асырудың бірқатар құралдарын да әзірлеуді талап етеді. Табысты жұмыс істеудің маңызды құрамдас бөлігі-тез өзгеретін орта мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттары жағдайында кадрлар мен тиімді дайындық және қайта даярлау жүйесін құру. Біз жасыл жұмыс орындарын құруға жоғары дайындықты қамтамасыз етуіміз керек және жаңа технологиялар мен инновациялармен тиімді жұмыс істеуіміз керек. «Әлем тоқтаусыз қозғалыста және біз бәріне дайын болуымыз керек», — деді Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева.

Іс-шара қатысушыларға ЖЭК саласындағы персоналды басқарудың негізгі аспектілерін талқылауға және энергетика индустриясының түрлі салаларындағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді.whatsapp image 2024 04 23 at 10.46.27

Қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері Қазіргі заманның жаңа сын-қатерлері
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан