Басшының блогы

Қош келдіңіздер құрметті (оқырмандар) келушілер! Менің жеке блогым-жедел байланыс пен коммуникацияға арналған тағы бір ерекше құрал. Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың орталығы ЭКСПО көрмесінің ғылыми мұрасын дамыту және төмен көміртекті экономика құру жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін құрылды. "Жасыл" технологиялар саласындағы ұлттық саясатты қолдау және "жасыл" бизнесті дамытуға жәрдемдесу, халықтың бәсекеге қабілеттілігін, өмір сүру сапасын арттыру және қоршаған ортаға кері әсерді төмендету - біздің қызметіміздің басты бағыттарының бірі. Егер сізде осы салада қызықты идеялар, нақты ұсыныстар мен тиімді әзірлемелеріңіз болса, оны тыңдауға, жүзеге асыруға, ой бөлісіп пікірлесуге әрқашан да дайынмын.

Құрметпен, Басқарма төрағасының м. а. Қарымсақов Дидар Нұрлыбекұлы