- Лауазым туралы ақпарат
1 | Лауазым атауы: | Жобаларды басқару департаментінің жоба жетекшісі |
2 | Құрылымдық бөлімше | Жобаларды басқару департаменті |
3 | Функционалдық міндеттер | 1) жұмыс көлемін тиімді бөлу, өзара алмасуды белгілеу және ЖБД қызметкерлерінің жауапкершілік салаларына сәйкес жауапкершілікті бекіту;
2) Қоғамның климаттық саясатты зерттеу және жетілдіру және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асыруға басшылық ету; 3) ЖБД құзыреті шеңберінде ұлттық климаттық саясатты іске асыру үшін зерттеудің басым бағыттарын және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды айқындау; 4) жобаның түйіндемесін, қажет болған жағдайда, бірақ онымен шектелмей, коммуникацияларды басқару жоспарын, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын және тәуекелдерді басқару жоспарын қоса алғанда, жобаны басқару жоспарын бекіту; 5) зерттеу жобасына қатысушылармен, жобаның мүдделі тараптарымен, халықаралық сарапшылармен, консультанттармен және тартылатын сарапшылармен коммуникация процесіне басшылық ету; 6) жобаға қатысушылардың функционалдық және біліктілік портретін айқындау процесіне басшылық ету; 7) жобаны зерттеу шеңберінде халықаралық тәжірибені зерделеу, талдау және мониторингтеу процесін үйлестіру, халықаралық тәжірибені енгізу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; 8) өзгерістер енгізудің негізділігі шартымен жобаның түйіндемесін және жобаны басқару жоспарын қоса алғанда, жобаның мазмұнына және жобалық құжаттарға өзгерістер енгізу; 9) жоба кезеңдерінде және ЖБД-ның ағымдағы ұйымдық-әкімшілік қызметінде тәуекелдер бейініне орталықтандырылған талдауды жүзеге асыру; 10) жоба басшысының жобалау қызметі шеңберінде қатысушылардың жоспарлы және ағымдағы міндеттерін айқындауы; 11) жоспарлы және ағымдағы міндеттерді қоса алғанда, жоба мазмұнының орындалуын үйлестіру және бақылау; 12) қажет болған жағдайда бөгде тарап ұйымдарына ақпаратқа ресми сұрау салулар жіберу, ақпарат алу мақсатында үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылды үйлестіру; 13) жоба шеңберінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін басқару және үйлестіру; 14) жобаның мазмұндық бөлігінің ақпаратын жинауды, жүйелеуді және өңдеуді үйлестіру, оның өзектілігі мен релеванттілігі; 15) нысаналы топты белгілеу, өзекті өлшемшарттарды, нысаналы топ үшін тақырыптардың өзектілігін айқындау процесіне басшылық ету; 16) уәкілетті мемлекеттік органды қоса алғанда, мүдделі тараптар үшін зерттеу саласы бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды (шолулар, ақпараттық анықтамалар, семинарларға жұмыс материалдары, презентациялар, талдау және т. б.) әзірлеуге қажеттілікті айқындау және әзірлеуді үйлестіру; 17) бұқаралық ақпарат құралдарында, Қоғамның ресми сайтында және Қоғамның әлеуметтік желілерінің беттерінде жариялау үшін зерттеулер шеңберінде ақпараттық, талдамалық және шолу мақалаларының жобаларын бекіту; 18) өз қызметі барысында мүдделі тараптар мен Қоғамның ескертулерін талдау және қолдану, сондай-ақ жоба қорытындылары бойынша шешімдерді қалыптастыруға қатысу; 19) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде ақпараттық қолдауға басшылық ету; 20) Қоғамның өзінің функционалдық бағыттары бойынша халықаралық ұйымдармен және сарапшылармен өзара іс-қимылын жүзеге асыру; 21) мемлекеттік органдармен және бөгде ұйымдармен ресми кездесулерде және өзара қарым-қатынастарда Қоғамды білдіру, сондай-ақ олармен іскерлік хат-хабар жүргізу; 22) өз құзыреті шегінде ЖБД стратегиялық құжаттарын (Қоғамның даму стратегиясы, Қоғамның жоспарлы жылға арналған жұмыс жоспары) әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету; 23) өз құзыреті шегінде жобалар бюджетінің әкімшісі ретінде ЖБД-ның жоспарлы және ағымдағы қызметін бюджеттеу процестеріне қатысу; 24) ЖБД процестерінің тиімділігін талдауға басшылық ету; 25) ЖБД процестерінің тиімділігін арттыру және жұмысын жетілдіру жөнінде жоғары тұрған басшылыққа ұсыныстар енгізу; 26) ЖБД құзыреті шегінде сайтты өзектендіруге басшылық ету (жалпы үйлестіру, ЖБД қызметкерлерінің ақпарат беруі туралы сұрау салу, ақпаратты/ұсыныстарды жинақтау және Цифрландыру бөліміне жолдау); 27) ЖБД директорының / / ЖБД бас менеджерінің олар болмаған кезде міндеттерін орындау; 28) ішкі нормативтік құжаттамаға сәйкес және Қоғам басшылығының және құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау. |
- Кандидаттарға қойылатын талаптар
1 | Білім деңгейі/профилі | Құқық/ әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес/ гуманитарлық ғылымдар (экология) / техникалық ғылымдар және технология / жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
2 | Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (профиль/ұзақтығы) | Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл
(экология саласындағы, Қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша). Бұл талап ішкі кандидаттарға қолданылмайды. Ішкі кандидаттарды Қоғам кадрларын конкурстық іріктеу қағидаларында көзделген тәртіппен тағайындайды. |
3 | Қосымша талаптар | Қоршаған ортаны қорғау, эко-менеджмент, эко-аудит, энергия тиімділігі саласындағы сертификаттардың болғаны жөн.
Өзгерістерді басқару. Стандарттау, сертификаттау және метрология. Халықаралық ұйымдардың және/немесе БҰҰ, Жасыл климаттық қор (ЖКҚ), ЖЭҚ талаптары мен рәсімдерін білу артықшылық болады. |
4 | Білім, тәжірибе және негізгі дағдылар | 1) қоршаған ортаны қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және сертификаттау саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындайтын салалық заңнаманы білу;
2) қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын білу; 3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын білу; 4) ішкі еңбек тәртіптемесі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу; 5) стратегияларды, саясаттарды, тұжырымдамалар мен салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі; 6) қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі; 7) қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған компаниялардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу дағдылары; 8) қызметтің жетекшілік етілетін бағыттары бойынша жоба бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу және өзектендіру дағдылары; 9) жобалардың бюджеттерін, жобаларға бюджеттік ревизияларды жасау дағдылары; 10) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, талдау және ұсынымдар әзірлеу дағдылары; 11) қызметтің жетекшілік етілетін бағыттары бойынша бизнес-процестерді құру дағдылары; 12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары; 13) компаниялардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетуге бағытталған саладағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу дағдылары; 14) халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары; 15) корпоративтік басқару қағидаттарын білу; 16) тәуекелдерді басқару саласындағы білім; 17) өзгерістерді басқару саласындағы білім; 18) орнықты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу; 19) жобаның тәуекелдерін мониторингтеу және басқару жөніндегі дағдылар, тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеу. |
5 | Жеке тұлғалық сипаттамалары | Мүдделі тараптардың кең ортасымен жұмыс істеу дағдысы;
Келіссөздер жүргізу, консенсусқа қол жеткізу дағдысы; Қарым-қатынас және салтанатты таныстыру дағдылары. |
6 | Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қайсысын, көрсету) | Қазақ, орыс тілдерін меңгеру. Ағылшын тілін білуі қошталады. |
7 | Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі) | MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы; заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары. |