Жасыл технологиялар департаментінің жетекіш менеджері

Лауазым туралы ақпарат

1 Функционалдық міндеттері

1) ЖТД құзыретіне жатқызылған 044 бюджеттік бағдарлама бойынша шарттың орындалуы;

2) жасыл технологиялар және жасыл жобалар саласындағы қазақстандық және халықаралық заңнаманы зерделеу және талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

3) жасыл технологиялар және жасыл жобалар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына ұсыныстар дайындауға қатысуы;

4) жасыл технологиялар мен жобалар бойынша халықаралық ұйымдардың материалдары мен құжаттарына талдау жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

5) ҚР-да жасыл қаржыландыруды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу;

6) жасыл технологиялар нарығына қатысушылардың дерекқорын қалыптастыруы және жүргізуі (Excel);

7) жауапты құрылымдық бөлімшелерден дерекқорды толтыру үшін ақпарат жинау;

8) дұрыстығы мен өзектілігіне талдауды қоса алғанда, деректер базасының ақпаратын өңдеу;

9) жауапты құрылымдық бөлімшелерден алынған ақпаратпен дерекқорды толтыру және өзектендіру;

10) жасыл технологиялар Тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жүргізу;

11) Тізілімді өзектендіру;

12) жасыл технологияларды ілгерілетуде қолдау көрсету

2 Лауазымға функционалдық бағыну (лауазым) Жасыл технологиялар департаментінің директоры
3 Бағыныштыларға басшылық ету (лауазымдар, саны)

Үміткерлерге қойылатын талаптар

1 Білімі (деңгейі,біліктілігі/ академиялық немесе ғылыми дәрежесі, бейіні, оқу орындарының атауларын көрсеткен жөн Құқық/ әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес/ техникалық ғылымдар және технология/ жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
2 Кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, салалары және т. б.) Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі болған жөн

(экология саласындағы, қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша).

Бұл талап Ішкі кандидаттарға қолданылмайды. Ішкі кандидаттарды қоғам кадрларын конкурстық іріктеу қағидаларының 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындайды.

3 Кәсіби құзыреттіліктер (білім, білік, дағды)

1) “жасыл” технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды әзірлеу мен іске асырудағы тәжірибе;

2) технологияларды енгізу және қолдану тетігін әзірлеу тәжірибесі;

3) жасыл технологияларды енгізуге байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

4) Gap-талдау жүргізу және оның нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдылары;

5) Талдамалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

6) Қазақстан Республикасының Қоршаған орта, стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білуі;

7) корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

8) Тұрақты даму жүйелерін құру принциптері мен әдістерін білу;

4 Жеке сипаттамалары Қарым-қатынас дағдылары;

Тұлғааралық және көшбасшылық дағдылар; Есептерді талдау және қалыптастыру қабілеті;

Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей білу;

Мәселелерді тиімді анықтау және шешу дағдылары;

Ұйымдастырушылық қабілеттер;

Мүдделі тараптардың үміттерін зерттеу.

5 Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі (қайсысын көрсету) орыс, қазақ және ағылшын тілдерін еркін меңгерген
6 Дербес компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру дәрежесі):

1) MS Office, excel, outlook, teams, Trello, zoom және т. б. бағдарламалардың озық пайдаланушысы.

2) Презентациялық материалдарды дайындау дағдылары

7 Қосымша ақпарат Магистр дәрежесінің болғаны жөн. Шетелдік білім беру артықшылығы болады
9 Түйіндемені жіберу hr@igtipc.org