Қарымсаков Дидар Нұрлыбекұлы
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КАҚ Басқарма төрағасы
М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген
Жалпы жұмыс өтілі 15 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан астам.
Еңбек жолын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да құқықтық қамтамасыз ету секторының заң мәселелері бойынша кеңесші болып бастады.
2008-2019 жылдары мемлекеттік және жеке секторлардың түрлі компанияларында жұмыс істеді: «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі » АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және т. б.
2020-2021 жылдары «QazTech Ventures» АҚ Заң департаментінің директоры, «QazTrade» АҚ аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.