Жәкеев Бекежан Искандарұлы
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
2024 жылдың 20 қыркүйегіндегі Жалғыз акционердің шешімімен «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына Жәкеев Бекежан Искандарұлы сайланды.
Жәкеев Бекежан Искандарұлы «Әділет» Жоғары құқық мектебіндегі заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтын «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жалпы еңбек өтілі – 20 жылдан аса.
Еңбек жолын 2003 жылы банктік жүйеде заңгер қызметінен бастаған. 2009-2024 жылдары аралығында әртүрлі кезеңдерде өндіріс, квазимемлекеттік және қаржы салаларында жетекші лауазымдарда қызмет атқарған.
Ағымдағы жылдың басынан бері Орталықтың Әкімшілік аппаратының басшысы – Заң департаментінің және Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарып келді.