Тәуелсіз директор

Тәуелсіз директор лауазымына кандидаттардың өтінімдерін қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1. Лауазым туралы ақпарат – Тәуелсіз директор

2. Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

Директорлар кеңесіне Тәуелсіз директор болып сайланатын кандидат:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қоғамның жарғысына сәйкес Тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі;
  • Қоғаммен, оның басқарылуында немесе иелігіндегі мүлкінде объективті және тәуелсіз пайымдауға кедергі келтіретін қандай да бір мүдделері немесе қатынастары болмауы;
  • объективті және тәуелсіз шешімдер қабылдау үшін кәсіби біліктілігі жоғары және тәуелсіз болуы, Жалғыз акционердің, Басқарманың және өзге де мүдделі тараптардың ықпалынан тәуелсіз болуы;
  • Қоғамның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және орнықты дамуына ықпал ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қоғам Жарғысында қамтылған талаптарды сақтай отырып, Қоғамның мүддесінде адал, парасатты әрі әділ әрекет етуі;
  • іскерлік әдептің жоғары стандарттарын қолдау – Директорлар кеңесінің мүшелері өз іс-әрекеттерінде, шешімдерінде және мінез-құлқында іскерлік әдептің жоғары стандарттарына сай болуы және Қоғам қызметкерлері үшін үлгі (өнеге) болуы;
  • Қоғамның Директорлар кеңесі мүше болған кезеңде өзіне белгілі болған Қоғам туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде Қоғамдағы жұмысы тоқтатылған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде сақтауға;
  • Қоғамның жағдайына мониторинг жүргізу және Қоғамның басқа органдарымен және лауазымды тұлғаларымен тұрақты байланыста болуы тиіс;
  • Директорлар кеңесінің және олар мүше болып табылатын оның комитеттерінің отырыстарына және жұмысына, оның ішінде мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді талқылауға (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, Басқарма құрамына кандидаттарды ұсыну, Басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеу) қатысу. Тәуелсіз директорларды Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау, кадрлар мен сыйақылар, ішкі аудит, әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер жөніндегі негізгі комитеттерінің төрағалары сайлайды;
  • Тәуелсіздік мәртебесін жоғалтып алмауын қадағалау және нәтижесінде директор тәуелсіз бола алмайтын осындай жағдай орын алғанда Директорлар кеңесінің Төрағасына алдын ала хабарлау.

 

3. Негізгі функциялары:

  • Қоғамның қызметінің басым бағыттарын және Даму стратегиясын айқындау, оның іске асырылуына мониторинг жүргізу;
  • даму жоспары қызметінің негізгі көрсеткіштерін белгілеу және оған мониторинг жүргізу;
  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру және бақылау;
  • Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде жобаларды және басқа да негізгі Стратегиялық жобаларды тиімді іске асыруды бекіту және оған мониторинг жүргізу;
  • Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің қызметін сайлау, сабақтастығын жоспарлау және бақылау;
  • корпоративтік басқару және этика.

 

4. Біліктілікке қойылатын талаптар.

Қоғам қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және экология және/немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде алты жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ орта, ірі кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдарда басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

 

5. Кандидат мынадай ақпаратты қамтуы тиіс мәліметтерді ұсынады:

  • тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша – әкесінің аты;
  • білімі туралы (оқу орнының атауы, бітірген күні, алған мамандығы), оның ішінде біліктілігін арттыру туралы мәліметтер;
  • жұмыс орындары және атқаратын лауазымдары туралы мәліметтер (оның ішінде басқа заңды тұлғалардың басқару органдарында);
  • Қоғамның Директорлар кеңесіне Тәуелсіз директор ретінде ұсынылатын  кандидаттың келісімі туралы мәліметтер;
  • кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат.
  • Төмендегі ақпаратты көрсету: тәуелсіз директор лауазымына кандидаттың тәуелсіз болуы.

 

6. Ғылыми дәреженің, наградалардың және құрметті атақтардың болуы кандидатураларды қарастыру кезінде артықшылық болып табылады.

 

7. Төмендегі тұлға Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына сайланбайды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы бар.
  • басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде оның Директорлар Кеңесінің Төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма Төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған тұлға. Аталған талап белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады.
  • Қоғаммен бәсекелес заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері.

 

8. Жұмыс шарттары:

  • Жалдау нысаны: Шарт.
  • Сыйлықақы: шығыстар көзделмеген.

 

9. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде төмендегілер назарға алынады:

  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
  • Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • жалпы жұмыс өтілі;
  • халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;
  • бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы;
  • іскерлік бедел;
  • тікелей немесе болжамды мүдделер қақтығысының болуы.
  • Түйіндемені мына электрондық поштаға жіберу қажет: hr@igtipc.org