- Лауазым туралы ақпарат
1 | Функционалдық міндеттері | 1) Жасыл технологиялар департаментінің Технологияларды коммерцияландыру құзыреттер офисінің (ОККТ ЖТД) құзыретіне кіретін мемлекеттік тапсырыс шарты шеңберіндегі іс-шараларды орындау;
2) Таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасын (GCIP) іске асыру; 3) Қоғамды ұлттық оператор ретінде айқындау мақсатында институционалдық бағалау өткізу үшін құжаттаманы дайындау; 4) Таза технологиялар жөніндегі жаһандық инновациялық бағдарламаның коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік және жекеменшік инвестицияларды тарту; 5) Технология көздерімен (инновациялық даму институттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО, ірі компаниялар, ШОБ) байланыс орнатуды қамтамасыз ету: хаттар мен сауалнамалар жіберу, меморандумдарға қол қою және кездесулер ұйымдастыру арқылы; 6) Қоғамның «жасыл» технологияларды трансферттеу жөніндегі халықаралық желілерге кіруін қамтамасыз ету; 7) Жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнестің технологиялық сұраныстарына сәйкес озық шешімдерді іздестіру; 8) Болашақта экономикалық немесе экологиялық тұрғыдан артықшылық бере алатын «жасыл» технологиялар базасынан технологиялық үдерістер, техникалық әдістер мен тәсілдер туралы ақпаратты НДТ Бюросына ұсынуды ұйымдастыру; 9) «Жасыл» технологияларды коммерцияландыру әдістемесінің жобасын әзірлеу, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу және уәкілетті органмен бекітуге ұсыну; 10) Жасыл технологиялар инновациялық экожүйесін қалыптастыру мен жаңартуды, сондай-ақ «жасыл» технологиялар кластерін дамытуды ұйымдастыру; 11) Серіктестік желілерін кеңейту, құзыреттерді арттыру, білім мен инновация алмасу және Қоғамның институционалдық әлеуетін нығайту мақсатында практикалық іс-шаралар, конференциялар мен нетворкинг сессияларын ұйымдастыру; 12) Жасыл технологиялар саласында технологиялық кәсіпкерлікті (стартаптарды) дамыту және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін жолға қоюды ұйымдастыру; 13) Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік және жекеменшік инвестицияларды тартуды ұйымдастыру; 14) Зияткерлік меншік нысандарын коммерцияландыруды ұйымдастыру; 15) Бас менеджердің дәлелді себеппен болмаған кезеңінде оның міндеттерін орындау; 16) Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына және басшылықтың тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау. |
2 | Лауазымның функционалдық бағыныштылығы | Жасыл технологиялар департаментінің директоры
Жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары |
3 | Бағынатын қызметкерлерге жетекшілік ету (лауазымдары, саны) | Бас менеджер – 2, жетекші менеджер – 2 |
- Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 | Білімі (деңгейі, біліктілігі / академиялық немесе ғылыми дәрежесі, бейіні, оқу орнының атауын көрсету ұсынылады) | Құқық/ әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес/ техникалық ғылымдар және технология/ жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
2 | Кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, бағыты және басқа да мәліметтер) | Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 4 жылдық практикалық жұмыс өтілі.
(Экология саласында, сондай-ақ Қоғамның бейініне сәйкес ғылыми-зерттеу институттарында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі болғаны жөн). Аталған талап ішкі кандидаттарға қолданылмайды. Ішкі кандидаттар Қоғамның кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес тағайындалады. |
3 | Кәсіби құзыреттер (білімдері, іскерліктері, дағдылары) | 1) Инновациялық басқару, технологияларды коммерцияландыру және жобаларды басқару саласында жұмыс тәжірибесі;
2) Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, инновациялық даму институттарымен, венчурлік қорлармен жұмыс тәжірибесі; 3) Халықаралық және инвестициялық қызмет, жасыл технологиялар саласында стратегиялар, саясаттар, тұжырымдамалар мен салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі; 4) Тұрақты даму функциялары бойынша әдіснама әзірлеу және енгізу тәжірибесі; 5) Инвестиция тартуға қатысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі; 6) Жобаларды қаржыландыруға, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен, қаржы тарту және өзара іс-қимыл тәжірибесі; 7) Экономикалық ынталандыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдылары; 8) Жобаларды басқару, бастамаларды ілгерілету және бағыты бойынша жоба портфелін қалыптастыру дағдылары; 9) Қызмет бағыттары бойынша даму жоспарларын әзірлеу, мониторинг және жаңарту дағдылары; 10) Үлкен деректермен жұмыс істеу, талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу дағдылары; 11) Қызмет бағыттары бойынша бизнес-процестерді құру дағдылары; 12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары; 13) Талдау жасау, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық/салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары; 14) Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті және жасыл технологиялар нарығын реттеу, инновациялық қызметті ынталандыру саласындағы заңнамасын білуі; 15) Қазақстан Республикасының қоршаған орта, стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білуі; 16) Корпоративтік басқару қағидаттарын білуі; 17) Тұрақты даму жүйелерін құрудың қағидаттары мен әдістерін білуі; 18) Ағылшын тілін білуі құпталады; 19) MS Office бағдарламаларында еркін жұмыс істей білу. |
4 | Жеке сипаттамалары | Коммуникативтік дағдылар;
Межличностық және көшбасшылық дағдылар; Талдау жүргізу және есептер әзірлеу қабілеті; Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу; Мәселелерді тиімді анықтау және шешу дағдылары; Ұйымдастырушылық қабілеттер; Мүдделі тараптардың күтілімдерін зерттеу және талдау. |
5 | Тілді меңгеру деңгейі, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі | Орыс, қазақ (мемлекеттік) және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. |
6 | Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі): | 1) MS Office, Excel, Outlook, Teams, Trello, Zoom және т.б. бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелі пайдаланушы.
2) Презентациялық материалдарды дайындау дағдылары бар. |
7 | Қосымша ақпарат
|
Магистр дәрежесінің болуы құпталады.
Шетелдік білім беру мекемесінде алынған білім артықшылық болып саналады. |
9 | Түйіндемені келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз. | hr@igtipc.org |