Бөлім | Мәліметтер |
Лауазым туралы ақпарат | |
Лауазым атауы | Жетекші менеджер |
Құрылымдық бөлімше | Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг департаменті |
Функционалдық міндеттер | 1. 044 бюджеттік бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырма шартын орындау: «Қазақстанның жасыл экономикаға жедел көшуіне ықпал ету, жасыл технологиялар мен үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнесті дамыту және инвестицияларды тарту». 2. Потенциалды халықаралық инвестициялардың, халықаралық қаржы ұйымдарының, халықаралық қаржыландыру бағдарламалары мен гранттардың тізімін қалыптастыру және жаңарту. 3. Қазақстан Республикасында жобаларды іске асыру үшін жасыл технологияларды іздеу және тарту. 4. Жасыл технологиялар саласында халықаралық ұйымдар мен компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдар, келісімдер және шарттарды әзірлеу және қол қоюды ұйымдастыру. 5. Компания басшылығына жасыл технологиялар саласында халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу. 6. Қазақстан Республикасының уәкілетті органына «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын дамыту және ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлеу. 7. Компанияның серіктестерімен бірлесіп, ұлттық климаттық саясат және климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін халықаралық сарапшыларды тарту мәселесін пысықтау. 8. Халықаралық тәжірибені қолдана отырып, климаттың өзгеруіне бейімделудің тиімді, инновациялық тәсілдерін, әдістерін және шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу. 9. Төмен көміртекті даму және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Компания басшылығына құжаттар мен ұсыныстар дайындау. 10. Жасыл технологиялар саласында Компанияның бағдарламалар мен жобалар портфелін бағалау және кеңейту үшін сарапшыларды тарту мәселесін Компания серіктестерімен пысықтау. 11. Жетілдірілген жасыл технологияларды трансферттеу және тарту бойынша халықаралық ұйымдардың материалдары мен құжаттарын талдау. 12. Сараптамалық ақпарат алмасу, жетілдірілген жасыл технологияларды трансферттеу және тарту саласындағы семинарларға, консультацияларға және конференцияларға қатысу. 13. Компания қызметкерлерінің жасыл технологиялар саласында оқу, тағылымдамадан өту және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық ұйымдар мен шет елдердің бағдарламаларын мониторингтеу. 14. Жасыл технологиялар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет елдердің бағдарламалары мен жобаларына қатысу үшін Компания басшылығына ұсыныстар дайындау. 15. Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг департаментінің қадағалайтын бағыттары бойынша ағымдағы және қорытынды есептерді дайындау. 16. Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ) талаптарына сәйкес жобалар портфелін қалыптастыру және қажетті құжаттарды әзірлеу. 17. Халықаралық қаржы ұйымдарына бірлесіп іске асыру үшін инвестициялық жобаларды дайындау және жолдау. 18. Ішкі нормативтік құжаттарға және Компания басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге функцияларды орындау. |
Функционалдық бағыну | Департамент директоры |
Бағыныштыларды басқару | Көзделмеген |
Кандидаттарға қойылатын талаптар | |
Білімі | Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: білім беру (шет тілі), гуманитарлық ғылымдар, құқық, жаратылыстану ғылымдары (экология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салалары. |
Кәсіби тәжірибе | Кәсіби салада немесе лауазым профилі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі болғаны жөн. |
Кәсіби құзыреттер | 1. Инвестициялар тартумен байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі. 2. Халықаралық және инвестициялық қызмет, жасыл технологиялар саласында стратегиялар, саясаттар, тұжырымдамалар және салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі. 3. Үлкен деректермен жұмыс істеу, талдау және ұсыныстар әзірлеу дағдылары. 4. Аналитикалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұлттық/салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары. 5. Жобаларды басқару, бастама көтеру және қадағаланатын бағыт бойынша жобалар портфелін қалыптастыру дағдылары. |
Жеке қасиеттер | Командада жұмыс істеу, коммуникативтілік, оқуға бейімділік. |
Тілдерді білу деңгейі | Ағылшын тілін кем дегенде Upper Intermediate деңгейінде білу. Қосымша шет тілін білу құпталады. |
Компьютерді пайдалану дағдылары | ДК-ны сенімді пайдаланушы, MS Office-ті білу, презентациялар жасау дағдылары. |
Жоспарланған жұмысқа шығу күні | 2025 жылғы 19 мамыр |
Қосымша ақпарат | Жобаларды басқару саласында кәсіби сертификаттың болғаны жөн. |
Резюме жіберу | hr@igtipc.org |