Жасыл технологиялар департаменті Технологияларды коммерцияландыру құзыреттер офисінің жетекшісі

  1. Лауазым туралы ақпарат
1 Функционалдық міндеттері 1) Жасыл технологиялар департаментінің Технологияларды коммерцияландыру құзыреттер офисінің (ОККТ ЖТД) құзыретіне кіретін мемлекеттік тапсырыс шарты шеңберіндегі іс-шараларды орындау;

2) Таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасын (GCIP) іске асыру;

3) Қоғамды ұлттық оператор ретінде айқындау мақсатында институционалдық бағалау өткізу үшін құжаттаманы дайындау;

4) Таза технологиялар жөніндегі жаһандық инновациялық бағдарламаның коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік және жекеменшік инвестицияларды тарту;

5) Технология көздерімен (инновациялық даму институттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, ЖОО, ірі компаниялар, ШОБ) байланыс орнатуды қамтамасыз ету: хаттар мен сауалнамалар жіберу, меморандумдарға қол қою және кездесулер ұйымдастыру арқылы;

6) Қоғамның «жасыл» технологияларды трансферттеу жөніндегі халықаралық желілерге кіруін қамтамасыз ету;

7) Жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнестің технологиялық сұраныстарына сәйкес озық шешімдерді іздестіру;

8) Болашақта экономикалық немесе экологиялық тұрғыдан артықшылық бере алатын «жасыл» технологиялар базасынан технологиялық үдерістер, техникалық әдістер мен тәсілдер туралы ақпаратты НДТ Бюросына ұсынуды ұйымдастыру;

9) «Жасыл» технологияларды коммерцияландыру әдістемесінің жобасын әзірлеу, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу және уәкілетті органмен бекітуге ұсыну;

10) Жасыл технологиялар инновациялық экожүйесін қалыптастыру мен жаңартуды, сондай-ақ «жасыл» технологиялар кластерін дамытуды ұйымдастыру;

11) Серіктестік желілерін кеңейту, құзыреттерді арттыру, білім мен инновация алмасу және Қоғамның институционалдық әлеуетін нығайту мақсатында практикалық іс-шаралар, конференциялар мен нетворкинг сессияларын ұйымдастыру;

12) Жасыл технологиялар саласында технологиялық кәсіпкерлікті (стартаптарды) дамыту және технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін жолға қоюды ұйымдастыру;

13) Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік және жекеменшік инвестицияларды тартуды ұйымдастыру;

14) Зияткерлік меншік нысандарын коммерцияландыруды ұйымдастыру;

15) Бас менеджердің дәлелді себеппен болмаған кезеңінде оның міндеттерін орындау;

16) Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына және басшылықтың тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау.

2 Лауазымның функционалдық бағыныштылығы Жасыл технологиялар департаментінің директоры

Жасыл технологиялар департаменті директорының орынбасары

3 Бағынатын қызметкерлерге жетекшілік ету (лауазымдары, саны) Бас менеджер – 2, жетекші менеджер – 2

 

  1. Үміткерлерге қойылатын талаптар
1 Білімі (деңгейі, біліктілігі / академиялық немесе ғылыми дәрежесі, бейіні, оқу орнының атауын көрсету ұсынылады) Құқық/ әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес/ техникалық ғылымдар және технология/ жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
2 Кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, бағыты және басқа да мәліметтер) Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 4 жылдық практикалық жұмыс өтілі.

(Экология саласында, сондай-ақ Қоғамның бейініне сәйкес ғылыми-зерттеу институттарында және/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі болғаны жөн).

Аталған талап ішкі кандидаттарға қолданылмайды.

Ішкі кандидаттар Қоғамның кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес тағайындалады.

3 Кәсіби құзыреттер (білімдері, іскерліктері, дағдылары) 1) Инновациялық басқару, технологияларды коммерцияландыру және жобаларды басқару саласында жұмыс тәжірибесі;

2) Ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, инновациялық даму институттарымен, венчурлік қорлармен жұмыс тәжірибесі;

3) Халықаралық және инвестициялық қызмет, жасыл технологиялар саласында стратегиялар, саясаттар, тұжырымдамалар мен салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;

4) Тұрақты даму функциялары бойынша әдіснама әзірлеу және енгізу тәжірибесі;

5) Инвестиция тартуға қатысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

6) Жобаларды қаржыландыруға, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен, қаржы тарту және өзара іс-қимыл тәжірибесі;

7) Экономикалық ынталандыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдылары;

8) Жобаларды басқару, бастамаларды ілгерілету және бағыты бойынша жоба портфелін қалыптастыру дағдылары;

9) Қызмет бағыттары бойынша даму жоспарларын әзірлеу, мониторинг және жаңарту дағдылары;

10) Үлкен деректермен жұмыс істеу, талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

11) Қызмет бағыттары бойынша бизнес-процестерді құру дағдылары;

12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары;

13) Талдау жасау, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық/салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

14) Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті және жасыл технологиялар нарығын реттеу, инновациялық қызметті ынталандыру саласындағы заңнамасын білуі;

15) Қазақстан Республикасының қоршаған орта, стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білуі;

16) Корпоративтік басқару қағидаттарын білуі;

17) Тұрақты даму жүйелерін құрудың қағидаттары мен әдістерін білуі;

18) Ағылшын тілін білуі құпталады;

19) MS Office бағдарламаларында еркін жұмыс істей білу.

4 Жеке сипаттамалары Коммуникативтік дағдылар;

Межличностық және көшбасшылық дағдылар;

Талдау жүргізу және есептер әзірлеу қабілеті;

Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу;

Мәселелерді тиімді анықтау және шешу дағдылары;

Ұйымдастырушылық қабілеттер;

Мүдделі тараптардың күтілімдерін зерттеу және талдау.

5 Тілді меңгеру деңгейі, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі Орыс, қазақ (мемлекеттік) және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
6 Жеке компьютерді пайдалану дағдылары (бағдарламалар, меңгеру деңгейі): 1) MS Office, Excel, Outlook, Teams, Trello, Zoom және т.б. бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелі пайдаланушы.

2) Презентациялық материалдарды дайындау дағдылары бар.

7 Қосымша ақпарат

 

Магистр дәрежесінің болуы құпталады.

Шетелдік білім беру мекемесінде алынған білім артықшылық болып саналады.

9 Түйіндемені келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз. hr@igtipc.org