Коммуникациялар және PR іс-шаралары жөніндегі ұлттық консультант

“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ Readiness – II “Бағдарламалау саласындағы Қазақстанның әлеуетін одан әрі нығайту, Жасыл Климат Қорына (бұдан әрі – ЖКҚ) тікелей қолжетімділікті кеңейтуді институционалдық қолдау»  жобасы бойынша жобалық іс–шараларды орындау және іске асыру үшін келесі маманды шақыратыны туралы хабарлайды:

Коммуникациялар және PR іс-шаралары жөніндегі ұлттық консультант.

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 2024 жылғы 12 шілдеден бастап қабылданатын болады.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып 2 750 000 теңге.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін төмендегі сілтемелерге кіру қажет.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар қарауға және бағалауға жіберілмейді.

Лауазымға қызығушылық танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптар

Келісім шарт жобасы

Өтінім нысаны _және_ баға ұсынысы