Комплаенс қызметі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл)
Комплаенс қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қоғам Жарғысына, Комплаенс қызметі туралы ережеге және Қоғамның өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Комплаенс қызметі Қоғамның Басқармасынан тәуелсіз, Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер беріледі және ресурстармен қамтамасыз етіледі.
Бастамашылық ақпарат беру саясатына сәйкес Қоғамның лауазымды адамдары, қызметкерлері, сондай-ақ контрагенттер және өзге де адамдар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының кез келген бұзушылықтары, оның ішінде Қоғамның қызметіне қатысты алаяқтық, кемсітушілік және өзге де бұзушылықтар туралы комплаенс қызметіне хабарлай алады.
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі — Қоғам) алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, қаржылық бұзушылықтарға және жосықсыз практиканың кез келген өзге де нысандарына нөлдік төзімділік саясатын ұстанады.
Нөлдік төзімділік әрбір негізді хабарлама бойынша шаралар қабылданатынын; тартылған тұлғаның лауазымдық жағдайына, шарттың құнына, іскерлік қатынастардың маңыздылығына немесе Қоғам үшін беделдік салдарына байланысты бірде-бір жағдай назардан тыс қалдырылмайтынын, төмендетіліп көрсетілмейтінін немесе бейресми түрде реттелмейтінін; сондай-ақ расталған бұзушылықтың барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қаражатты өтеуді, еңбек және шарттық қатынастарды тоқтатуды және материалдарды уәкілетті мемлекеттік органдарға беруді қоса алғанда, мөлшерлес салдарға әкеп соғатынын білдіреді.
Осы мәлімдеме ешқандай ерекшеліксіз төмендегі тұлғаларға қолданылады:
- Директорлар кеңесінің мүшелері мен Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелеріне;
- Басқарма төрағасы мен мүшелеріне, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына;
- Қоғамның барлық қызметкерлеріне;
- уақытша қызметкерлерге, тағылымдамадан өтушілерге, практикадан өтушілерге және жеке консультанттарға;
- мердігерлерге, өнім берушілерге;
- Қоғам немесе Қоғам арқылы берілген қаражатты алатын немесе осындай қаражатты басқаратын серіктес-орындаушыларға, грант алушыларға және өзге де тұлғаларға.
Қоғам өз қызметінің барлық салаларында алаяқтыққа, бұрмалауға немесе жасыруға, кез келген нысандағы сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа, Қоғамның ақшалай қаражаты мен активтерін иемденуге, мақсатсыз пайдалануға немесе жеке мақсаттарда пайдалануға, дәлелдемелерді жою, бұрмалау, өзгерту немесе жасыру арқылы тексерулерге, аудитке және тергеп-тексерулерге кедергі келтіруге тыйым салады. Тыйым жосықсыз практиканың өзге де нысандарына — ұрлыққа, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға, ресурстарды ысырапшыл немесе ұқыпсыз басқаруға, сондай-ақ бұзушылық туралы адал ниетпен хабарлаған тұлғаларды кез келген түрде қудалауға қолданылады.
Хабарламаларды барлық адамдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы жібере алады:
-
тел. номері арқылы
-
сенім телефоны арқылы
-
электронды почтаға:
-
қоғамның кеңсесінде
Қызметкерлердің, лауазымды адамдардың, контрагенттердің және қоғамның өзге де тұлғаларының жазбаша өтініштерін жедел қабылдауды қамтамасыз ету үшін «Сенім жәшігі» орналастырылады.
Барлық хабарламалар Қоғамның комплаенс қызметіне келіп түседі және тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы жіберуге болады.