Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен «Орталық Азия плюс Жапония» бизнес-форумы аясында 36 құжатқа қол қойылды. Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және жапондық «ROTOBO» қауымдастығы болды, бұл әртүрлі салалардағы серіктестікті тереңдету жолындағы маңызды қадам.
Өз кезегінде, «Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» форум аясында Japan Center of Assistance for International Projects (бұдан әрі – JCAIP) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. JCAIP компаниясының басты міндеті бизнес пен консалтингті қолдау, Жапониядағы халықаралық және шетелдік жобаларда шешім қабылдауды жеделдету болып табылады. Қазіргі уақытта JCAIP экология, энергетика және табиғи ресурстар салаларында жұмыс атқарып жатыр.
Қол қойылған құжаттар халықаралық әріптестік пен ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды кезеңін білдіріп, сонымен қатар инфрақұрылымды, ғылымды, технологияны және басқа да негізгі салаларды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ұмтылысты арттырады, бұл байланыстарды нығайтуға және барлық тараптар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға үлкен үлесін қосуда.
Меморандум, парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде тәжірибе алмасуды және өзара ақпараттық қолдау көрсетуді, «жасыл» инвестициялық жобаларды ілгерілету бойынша сараптамалық ынтымақтастықты, ғылыми-техникалық және әдістемелік ынтымақтастықты дамытуды тағыда басқа бағыттарда жұмыс жасауды көздейді.