Астана, 2024 жылғы 22 тамыз – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – орталық) Басқарма төрағасының орынбасары Темірлан Атарбаев Астанадағы Канада Елшілігінің өкілдері – Екінші хатшы (Сауда уәкілі), Сауда және бизнес дамуы жөніндегі кеңесші Юргита Рушките және Бизнес дамуы жөніндегі кеңесші Газиз Шотановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жасыл технологиялар мен тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың болашақтағы перспективаларын талқылады.
Темірлан Атарбаев орталықтың жұмысы туралы толығырақ айтып, оның негізгі бағдарламалары, Global Cleantech Innovation Program (GCIP), Readiness және IGTIC Academia білім беру жобаларына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ол орталықтың БҰҰ-ның алдағы COP29 климат жөніндегі конференциясында Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын мазмұнды толтыру бойынша жауапты орган болып табылатындығын атап өтті.
Канада тарапынан орталықпен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға және жасыл экономикаға көшуге бағытталған тұрақты бастамаларды қолдауға қызығушылық білдірілді. Кездесу соңында тараптар жасыл технологиялар жобаларын қолдауға және перспективалы мүмкіндіктер туралы ақпарат алмасуға келісті.