Астана, 2024 жылғы 3 қыркүйек – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Басқарма төрағасының орынбасары Темірлан Атарбаев бастаған делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Технологиялар трансфері орталығының (Shanghai Cooperation Organization Technology Transfer Center) директоры Чжао Чжунъюань мырза бастаған қытайлық әріптестерімен кездесті. Сонымен қатар, кездесуде Chuangzhi Group (Hong Kong) Co, Ltd. өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар жасыл технологиялар және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Темірлан Атарбаев Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық серіктестік маңызды екенін атап өтіп, Орталықтың қытайлық серіктестермен ынтымақтастыққа деген үлкен қызығушылығын білдірді.
Кездесу нәтижесінде Орталық пен ШЫҰ Технологиялар трансфері орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім технологиялармен алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша болашақтағы ынтымақтастықтың негізін қалайды.
Chuangzhi Group (Hong Kong) Co, Ltd. өкілдері одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, болашақ бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрақты дамуға ықпал ететін бірлескен жобаларды дамыту үшін тұрақты байланыста болуға уағдаласты.