Пекинде Жібек жолының «Алтын көпірін» жасыл дамыту жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық форумы өтіп жатыр, оған қатысушылар: ҚР Сауда және интеграция министрі А.А.Шаққалиев, ҚР Экология вице-министрі М.Т.Ошурбаев, ҚР ҚХР-дағы Елшісі Ш.Ш.Нұрышев, сондай-ақ «ХЖТИЖО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Д.Н. Қарымсақов.
Қытайлық әріптестермен кездесу барысында тұрақты даму мен «жасыл» инновацияларды қолдаудың өзекті мәселелері талқыланды, онда негізгі аспектілердің бірі Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды.
Өз кезегінде 12 қыркүйекте ХЖТИЖО Басқарма төрағасы Қытайдың Халықаралық қызметтер саудасы жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысты (The China International Fair for Trade in Services – CIFTIS). 16 қыркүйекке дейін өтетін CIFTIS көрмесіне 85-тен астам ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды, оған Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Көрме қаржылық қызметтер, туризм, денсаулық сақтау және білім беруді қоса алғанда, 12 негізгі саланы қамтиды. Қазақстандық ұлттық стендте «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ-дан басқа тағы 14 компания, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Экспорттық-кредиттік агенттік» АҚ, «Air Astana» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, сондай-ақ бірқатар жеке компаниялар таныстырылады. Көрмеге қатысу іскерлік байланыстарды кеңейту, инвестициялар тарту және халықаралық аренада қазақстандық тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін бірегей мүмкіндіктер береді.
14 қыркүйекте Жібек жолының «Алтын көпірін» жасыл дамыту жөніндегі форум аясында Д.Н. Қарымсақов ресми сөз сөйледі, өз сөзінде ол Қазақстанның «жасыл» бастамаларын ілгерілетудегі халықаралық әріптестіктің маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Біздің халықаралық әріптестігіміз Қазақстанның «жасыл» бастамаларын ілгерілетудің кілті болып табылады. Біз тұрақты жобаларды қолдау үшін «жасыл» қаржыландыру мен климаттық инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жаһандық ынтымақтастық шеңберінде озық тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударамыз. Таяуда біз Қытаймен байланысты нығайттық, Қытай-ШЫҰ технологиялар трансфері орталығымен Өзара түсіністік туралы иеморандумға қол қойылды. Бұл серіктестік біздің ішкі «жасыл» технологиялар нарығының өсуін ынталандыруға бағытталған» – деді Дидар Қарымсақов.
Форум Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде екіжақты қатынастарды нығайтуға және жасыл технологияларды одан әрі дамыту мен орнықты даму үшін жағдай жасауға маңызды қадам болды. Форум қорытындысы бойынша өзара тиімді негіздемелік келісімдер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.