Қозыке Сәуле Қозыкеқызы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау мен өткізуді жоспарлау» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің докторантурасын бітірген, АҚШ, HAAS Бизнес мектебі, Калифорниялық Беркли Университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында – экономика ғылымдарының кандидаты (PhD in economics) дәрежесінде тағылымдамадан өтті.
Жалпы жұмыс өтілі 35 жылдан асады. Еңбек жолын 1987 жылы бөлім экономисі болып бастаған. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ғылыми, білім беру, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппараты ақпараттық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, АҚШ, Сан-Франциско қ. Силикон алқабындағы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан-Америка технологиялар трансферті орталығының басшысы, сондай-ақ «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-да GreenTech ұлттық технологиялық форсайтының басшысы болып қызмет істеді. ҒТҚН коммерцияландыру жөніндегі Ұлттық Ғылыми кеңесінің мүшесі болды.