Астана, 2024 жылдың 7 қазаны – «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» (бұдан әрі – Орталық) өкілдері, Басқарма төрағасның орынбасары Бекежан Жакеев бастаған, Циндао (Қытай) делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны Циндао қалалық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті орынбасары Хань Шоусин басқарды. Сондай-ақ, кездесуге ШЫҰ-ға муше елдердің Қытай технологиялар трансферті орталығы, Qingdao Greensum Ecological Co., LTD және Qingdao Lvfan Recycled Building Materials Co., LTD өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар экология, энергия үнемдеу технологиялары, көміртек шығарындыларын азайту, жасыл екпелерді көбейту және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу салаларында өзара қызығушылық танытатын ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен шаралар жасауға дайындықтарын атап өтті. Кездесудің қорытындысында Циндаолық жоғарыда аталған кәсіпорындармен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және ынтымақтастықты тереңдетудің перспективалық бағыттарын зерттеу жөнінде өзара келісімге қол жеткізілді. Тараптар өзара пайдалы серіктестіктің Қазақстан мен Қытай арасында инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, технология трансферті және тұрақты даму мақсаттарына жетуге ықпал ететініне сенім білдірді.