КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) кеңсесінде Басқарма Төрағасының орынбасары Бекежан Жакеевтің жетекшілігімен Шанхай ғылыми-техникалық алмасулар орталығының (SSTEC) делегациясымен кездесу өтті. Қытай-ШОС технологиялар трансферы орталығының өкілі Ирина Абатурова тарапынан кездесуде қолдау көрсетілді.
Кездесу барысында Орталықтың және SSTEC-тің жасыл технологияларды қолдау бағдарламаларын дамыту және тәжірибе алмасу бойынша негізгі бастамалары талқыланды. SSTEC орталық азияда Жасыл Технологиялар Банкі өкілдігін орналастыру бастамасын көтерді. Өз тарапынан Орталық қытай жағын қалдықтарды қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздері, орман қалпына келтіру және басқа да перспективалық бағыттар бойынша Apex Green Fund серіктестік қорын қаржыландыруға қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Орталық пен SSTEC арасында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру және жасыл жобаларды дамыту перспективаларын зерттеу туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, SSTEC Орталықтың «Бір белдеу, бір жол» альянсына – төмен көміртекті технологиялар мен инновацияларды беру жөніндегі альянсқа құрметті түрде қабылданғанын ресми түрде жариялады. Орталық осы альянстың алғашқы мүшелерінің бірі болу мүмкіндігін жоғары бағалап, екі елдің тұрақты дамуын қолдау бағытында бірлескен күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.
Орталық SSTEC басшылығына Қазақстанға келгені үшін алғыс айтып, Бакуде өтетін COP-29 шеңберіндегі Қазақстанның Ұлттық Павильонының сайд-ивенттеріне қатысуға шақырды.