16 қазан күні Астана қаласында КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) өкілдері, оның ішінде Басқарма Төрағасының орынбасары Бекежан Жакеев, поляк компаниясы Green East Renewable Energy (GERE) өкілдері, Бас директор Рафал Рощик пен «Достық» Польша-Қазақстан ассоциациясының төрағасы Аркадиуш Грачикпен кездесу өткізді. Кездесу Польша Инвестициялар және Сауда агенттігінің қолдауымен өтті.
GERE өкілдері Польша компанияларының жасыл энергетика саласындағы тәжірибесі, атап айтқанда, заманауи технологияларды пайдалана отырып, жел электр станцияларын салу мен пайдалану жөніндегі тәжірибелерімен таныстырды. Сондай-ақ, компанияның еуропалық елдерде қоқыс жағу зауыттарын салу жобалары туралы ақпарат берілді, мұнда экологиялық таза қалдықтарды жою шешімдері сәтті жүзеге асырылуда. Польша тарапы қазақстандық мамандарды оқыту және қажетті тренингтерді өткізу бойынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Орталық өз тарапынан Қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, жасыл энергетика саласында ықтимал бірлескен жобаларды талқылауға дайын екенін айтты. Польшадағы қатты тұрмыстық қалдықтар басқару саласындағы озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды, бұл көміртегі ізіне әсерін азайтуға ықпал етуі мүмкін.
Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыру, перспективалық жобалар туралы бір-бірін хабардар ету және Польшадағы жаңартылатын энергия көздері және қатты тұрмыстық қалдықтар басқару саласындағы озық тәжірибені зерттеу мүмкіндігін пайдалану туралы уағдаласты.