ХЖТИЖО және Дүниежүзілік Банк өкілдері климаттық өзгерістерге бейімделу мәселелерін талқылады

ХЖТИЖО және Дүниежүзілік Банк өкілдері климаттық өзгерістерге бейімделу мәселелерін талқылады

30 қазан күні Астана қаласында Басқарма Төрағасы Дидар Қарымсақов бастаған КЕАҚ «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (әрі қарай – Орталық) өкілдері Саламат Құсайынова, Kai Kaiser, Jose-Manuel Bassat және т. б. Дүниежүзілік Банк өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу Дүниежүзілік Банктің климаттық өзгерістермен күресу жүйесін бағалау бойынша жұмыс сапары аясында өтті.

Дүниежүзілік Банк Қазақстанның климаттық өзгерістерге бейімделу және оның зардаптарын азайту саласындағы институционалдық құрылымын дамытуға қолдау көрсету үшін әзірленген «Климаттық өзгерістермен күресудің институционалдық жүйесін бағалау» (CCIA) алдын ала құжатымен таныстырды. Бұл зерттеу климаттық қауіпсіздік пен климаттық ақылды инфрақұрылымның бес негізгі бағытын қамтиды: ұйымдастыру, жоспарлау, мемлекеттік қаржы, өңірлік басқару және мемлекеттік кәсіпорындар.

Кездесу барысында қатысушылар Дүниежүзілік Банк тарапынан одан әрі ынтымақтастық пен қолдауды нығайтуға қатысты болашақ қадамдарды белгіледі. Миссия қорытындылары бойынша CCIA есебі Қазақстанның ұлттық және өңірлік деңгейдегі климаттық басымдықтарына қолдау көрсету үшін пысықталады.

Кездесу соңында тараптар климаттық өзгерістерге қарсы шараларда бір-біріне қолдау көрсетуге және ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.