Г.А. Медиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының Вице-президенті лауазымына сайланды!

Г.А. Медиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының Вице-президенті лауазымына сайланды!

Құрметті Гүлбазар Ақылқызы!

Сізді барша ұжымның атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның Вице-Президенті лауазымына сайлануыңызбен құттықтаймыз! Бұл маңызды оқиға сіздің кәсіби еңбегіңіздің әрі инженерлік ғылым мен технологиялар саласындағы жоғары құзыретіңіздің заңды айғағы болып отыр.

Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз, инновациялық жобаларды дамытуға деген ұмтылысыңыз және өз ісіңізге шынайы берілген адалдығыңыз – зор құрметке лайық. Сіздің басқаруыңызбен Академия өркендеп, Қазақстан Республикасының тұрақты болашағын қамтамасыз ететін жасыл технологияларды дамытуға қатысты міндеттерді табысты атқарады деп сенеміз.

Сізге қажымас күш-қайрат, шабыт тілейміз, алдыңызға қойған барлық жоспарларыңыз орындалсын және сүйікті ісіңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіз!

Құрметпен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұжымы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы туралы:
Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясының 34 жылдан астам тарихы бар. Академия біздің елімізде инженерлік ғылымдар мен технологиялық инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Академияның президенті – әйгілі математик-ғалым, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы.