2024 жылғы 24-25 желтоқсанда Астанада KPMG Kazakhstan компаниясы “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ (ХЖТО) бірлесіп ұйымдастырған жасыл қаржыландыру мәселелеріне арналған семинарлар өтті.

2024 жылғы 24-25 желтоқсанда Астанада KPMG Kazakhstan компаниясы “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ (ХЖТО) бірлесіп ұйымдастырған жасыл қаржыландыру мәселелеріне арналған семинарлар өтті.

24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қатысуымен ұйымдастырылған «Жасыл және тұрақты облигацияларды әзірлеу және шығару: саясат, тәжірибе, верификациялау» деп аталатын семинар өтті.
Семинарда ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, әкімдіктер, және басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, мемлекеттік сектор өкілдері бас қосты. Қатысушылар жасыл облигациялар саясатын, шығару процесін әзірлеу, жасыл қаржыландыру таксономиясы және табысты кейстерді қоса алғанда, жасыл облигациялар шығарудың негізгі аспектілері туралы толық ақпарат алды.
25 желтоқсанда «Банк секторындағы ESG-тәуекелдерін есепке алу және басқару және жасыл қаржыландыру» деген тақырыпта семинар өтті.
Іс-шараға Қазақстанның банк секторы мен қаржы мекемелерінің өкілдері қатыстыі. “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ Басқарма Төрағасы Д.Н. Қарымсақов сөз сөйлеп, экономиканы тұрақты дамыту үшін ESG-тәуекелдерін есепке алудың және жасыл қаржыландыруды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Екі семинарда да KPMG Kazakhstan-ның төмендегі спикерлері сөз сөйледі: Татьяна Мирошниченко, аға менеджер; Ренат Сайлау, менеджер; Камиля Сұңғат, менеджер; Әнуар Қазбеков, директор.
Екі семинар да Қазақстанның жасыл қаржыландыру саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі Readiness бастамасының бір бөлігі болды. ХЖТИЖО-ны  2022 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Бағдарламалау саласындағы Қазақстанның әлеуетін одан әрі нығайту, Жасыл климат қорына тікелей қолжетімділікті кеңейтуді институционалдық қолдау және жасыл қаржы жүйесін дамыту» деп аталатын Readiness жобасы бойынша Ұлттық атқарушы орган ретінде тағайындады. Бұл жоба БҰҰ-ның жобаларға қызмет көрсету басқармасымен бірге іске асырылып жатыр (UNOPS).