26 желтоқсанда «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – ХЖТИЖО) офисінде Қазақстан Ғарыш Сапары ұлттық компаниясының өкілдерімен, Басқарма Төрағасы Қожаев Кайыржан Ерсайынұлымен, сонымен қатар басқарушы директоры – Үмбетбаев Аманат Тауболдыұлымен және басқалармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Ғарыш Сапары өкілдері компанияның қызметі мен көрсететін қызметтері туралы қысқаша презентация өткізді. Презентация барысында жаңа әлемдік технологияларды пайдалана отырып, ғарыштық, сондай-ақ радиолокациялық мониторинг деректерін пайдалану мүмкіндіктерінің әлеуеті жоғары екені, сонымен қатар ұлттық компанияның бірлесіп іске асырылатын әлеуетті жобалар шеңберінде ХЖТИЖО-мен ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отырғаны атап көрсетілді.
Өз кезегінде ХЖТИЖО Басқарма Төрағасы Дидар Қарымсақов мырза «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қызметі мен тәжірибесіне, атап айтқанда республиканың әртүрлі аудандарында құрамындағы зиянды газдар мен қоспалардың шоғырлануын айқындай отырып, атмосфералық ауаның ластануы бойынша жүргізілетін мониторинг деректерін беру және пайдалану мүмкіндігі бөлігінде қызығушылық танытты.
Талқылау барысында мұндай технологияларды енгізу экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ ауаның ластануына талдау жүргізу және болжау бойынша тиімді құралдарды жасауға ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, Тараптар қоршаған ортаны мониторингілеу, экологиялық деректердің сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу саласындағы әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.