«ХЖТИЖО» КЕАҚ және SWITCH-Asia құрылыс секторындағы циркулярлық экономиканың болашағын талқылады

«ХЖТИЖО» КЕАҚ және SWITCH-Asia құрылыс секторындағы циркулярлық экономиканың болашағын талқылады

2025 жылғы 22 қаңтарда «ХЖТИЖО» КЕАҚ-да SWITCH-Asia бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Циркулярлық экономика: құрылыс секторындағы саясат және серіктестік» жобасына арналған кездесу өтті. Іс-шараға Басқарма Төрағасы Дидар Қарымсақов пен Басқарушы директор Асылхан Айтжановты қоса алғанда «ХЖТИЖО» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ SWITCH-Asia бағдарламасы тарапынан сарапшылар мен консультанттар: Жоба басшысы Флориан Йоханнес Беранек, Жауапты бизнесті дамыту бойынша жетекші аға сарапшы және жоба бойынша техникалық кеңесші Ферхат Караджа, Назарбаев Университетінің құрылыс инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, сондай-ақ Жасыл құрылыс жөніндегі Қазақстандық кеңестің атқарушы директоры Александр Белый қатысты.

Жоба тұрақты тәсілдерге көшуге баса назар аудара отырып, құрылыс секторына тұрақты тұтыну және өндіріс (SCP) және циркулярлық экономика қағидаттарын біріктіру үшін база құруға бағытталған. Бұл әсіресе жаһандық климаттық дағдарыспен күресу үшін өте маңызды, өйткені құрылыс индустриясы энергияны тұтыну және құрылыс материалдарын өндіру шығарындыларын қоса алғанда, 2022 жылы әлемдегі СО2 шығарындыларының 37% құрады.

Кездесуде қатысушылар энергиялыық тиімді, циркулярлық құрылыс шешімдерін енгізу, экологиялық таза материалдар мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы көміртегі ізін азайту мақсатында құрылыс саласын реформалау мәселелерін талқылады. Қазақстанның құрылыс саласында тұрақты тәжірибелерді одан әрі ілгерілетудің болжамды бағыттары талқыланды.