28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM (Joint Crediting Mechanism) Бірлескен Кредиттеу Механизмінің Бірлескен комитетінің бірінші отырысы өтті.

28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан мен Жапония арасындағы JCM (Joint Crediting Mechanism) Бірлескен Кредиттеу Механизмінің Бірлескен комитетінің бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима және ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, экология және табиғи ресурстар, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ «ХЖТИЖО» КЕАҚ өкілдері – Жобаларды басқару департаментінің директоры Р. Бектұрғанов және бас менеджер А. Иманов қатысты.

Бірлескен кредиттеу механизмі (JCM) Париж келісімінің 6-бабында қарастырылған құрал болып табылады, ол көміртегі ізін азайтуға және озық технологиялармен алмасу және бірлескен жобалар арқылы тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған.

Отырыста JCM іске асыруға дайындықтың негізгі нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайту саласындағы перспективалы жобаларды, сондай-ақ JCM механизмі шеңберінде көміртегі кредиттерін беру тәртібін талқылады.

Бірлескен комитет одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге және жобаларды іске асыруға дайын екенін растағанын атап көрсеткен жөн.