2025 жылғы 5 ақпанда «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) алаңында Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директор Yogeindran Thiayagarajah және Еуропа бойынша директор Alan Yeo, сонымен қатар Атқарушы директор, Инфрақұрылым және энергетика бойынша өңірлік көшбасшы (Орталық Азия және Шығыс Еуропа) Kawa Baha-ның қатысуымен кездесу өтті.
ХЖТИЖО тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы Д.Н. Қарымсақов қатысты, ол таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауға, өнеркәсіпті тұрақты дамыту үшін ең үздік қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізуге, Жасыл технологиялар тізілімін жүргізуге және орнықты шешімдер саласындағы инвестициялық жобаларды дамытуға бағытталған GCIP Kazakhstan (Global Cleantech Innovation Program) бағдарламасын іске асыруды қоса алғанда, Орталықтың қызметі туралы айтып өтті.

Келіссөздер барысында тараптар жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ қазақстандық стартаптардың Сингапурдағы акселерациялық бағдарламаларға қатысу перспективаларын талқылады.
Кездесу соңында тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қою және 2025 жылғы маусымда өтетін, ХЖТИЖО өкілдері шақырылған Singapore International Water Week-ке қатысу жөнінде уағдаласты.