Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Қазақстандағы Швейцария Елшілігімен кездесуі.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Қазақстандағы Швейцария Елшілігімен кездесуі.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Қазақстандағы Швейцария Елшілік өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараға Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг департаменті, Басқарма Төрағасының орынбасары Сәуле Қозыке, сондай-ақ Елшіліктен Тобиас Вердер мырза мен Павел Иванов қатысты.

Кездесу барысында тұрақты даму, экология және жасыл технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.:

Швейцарияны «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына (GBPP) қосу және бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері.

Климаттық технологиялармен алмасу, деректерді басқару және зияткерлік меншікті қорғау үшін Жаһандық цифрлық платформа құру.

Сондай-ақ Швейцарияның GBPP-ге қатысу перспективалары талқыланды, олар:

Алдыңғы қатарлы швейцариялық жасыл технологияларды Орталық Азия жобаларына интеграциялау.

Ғылыми ынтымақтастықты және сараптамалық білім алмасуды кеңейту.

Швейцариялық компаниялар үшін тұрақты инновациялар саласында жаңа мүмкіндіктер жасау.

ХЖТО Швейцария Елшілігіне сындарлы диалог үшін және экологиялық бастамаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. GBPP – жасыл экономиканың болашағын білдіреді және Қазақстан тұрақты даму саласында жаһандық серіктестікті нығайту үшін қарышты қадам жасап жатыр.

#GreenBridge #Kazakhstan #Switzerland #SustainableDevelopment #GreenTech #GBPP #Innovation #Ecology #ClimateTech